ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
106
болатын, сондықтан да соттық-құқықтық жүйенің тиімділігін
қамтамасыз ету экономикалық проблемаларды шешуден
бірде-бір кем соқпайтын міндет еді. Бізге мұра боп қалған ескі
сот жүйесі соттардың құқық қорғаушылықміндеттерінің толық
іске асуын қамтамасыз етпеді. Онсыз меншік қатынастарын
дамыту тіпті мүмкін емес еді. Ол кәсіпкерлік бастамаларға
құрсау болды. Ал әділетті сот жүргізудің өркениетті жүйесінің
және нағыз тәуелсіз соттардың болмауы заңның орындалмау
жағдайларын көбейтіп жіберді.
Осыныңбарлығысотжүйесіншешімді түрдереформалауға
алып келді, соныңбарысындажалпысоттармен төрелік соттар
жүйесі біріктірілді. Төрелік соттар таратылды. Себебі оларшын
мәнінде арнайы соттар еді, қатарлас соттар жүйесі тек заңдық
тұлғалардың арасындағышаруашылық дауларын қарау үшін
ғана қызмет жасайтын. Енді соттар мен сот қызметшілерінің
мәртебесі заңнамалық түрде анықталды да, бұл әділетті сот
жүргізудің құқықтық кепілдіктерін күшейтті.
Сот әділдігін шын мәнінде әділетті және риясыз жүргізуге
сот корпусын қалыптастырудың Конституцияда көрсетілген
тетіктері септігін тигізеді. Осы бір жаңартылған механизмде
Жоғарғы сот кеңесіне және Әділеттің біліктілік алқасына
маңызды рөл берілді.
Жергілікті жердегі соттардың сайланып қойылуының
орнына енді оларды ел Президенті тағайындайтын болды,
ал мұның өзі олардың тәуелсіздігін жергілікті жерлердегі
ықпалдан қорғайтын болды. Жоғарғы соттың судьялары
енді Президенттің ұсынысымен Парламенттің Сенатында
сайланады.
Тағы бір есте қаларлық жағдай, Еліміздің Конституция-
сы, тұңғыш рет, бұрынғы Конституциялық Соттың орнына,
Конституциялық Кеңес сияқты мемлекеттік органды құрды.
Бұл шешім оңайға түскен жоқ. Оның астарында жатқан
объективті негізі бар еді. Оны қабылдамас бұрын, мен