Page 106 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
105
Конституция екі палаталы Парламентті құрды. Оның
қажеттігі туралы пікірталас біздің қоғамда көптен бері келе
жатқан, бірақ 1993 жылғы Конституцияда бәрібір іске
аспап еді. Біртұтас мемлекеттік билікті бөлудің жүйесінде
Парламенттің заң шығару әрекетіне негізделген қызметтері
айқын анықталды. Әлбетте, бұл құқықтық кеңістік белгілі
бір конституциялық шеңбермен шектелген, бірақ солай
болғанмен де, ол жеткілікті түрде кең және қоғамдық
қатынастарды заңмен реттеп отыруға әбден қабілетті.
Халықаралық тәжірибедегі Жоғарғы өкілетті органға
қатысты қабылданған құзіреттер (мемлекеттік бюджетті
бекіту, Үкімет қызметінің бағдарламасына келісу немесе
келіспеу, Премьер-министрді тағайындауға келісім беру,
Үкіметке сенімсіздік білдіру, палаталардың Үкімет мүшелерін
тыңдауы және оларды босату туралы Президентке ұсыныс
енгізуі) біздің Конституцияда Қазақстан Парламентіне де
бекітіп берілген. Сонымен бірге биліктің басқа да тармақтары
сияқты, Парламент те өзінің мүмкіндіктерін және заң шығару
процесінің негізін реттейтін Конституцияның рухы мен маз-
мұнына бағынған.
Жаңа Конституция Үкіметтің мәртебесін және өкілетті-
лігін анықтауда жаңа қадамдарды орнықтырды. Атқару
органдарының жүйесін басқара, олардың қызметтеріне
жетекшілік жасай және өз алдына басқару шешімдерін
қабылдай отырып, Үкімет экономика мен әлеумет тік
саладағы істің жағдайына жауапкершілікпен бүтіндей
жауап береді. Сонымен бірге, жалпыхалықтық талқылау
кезінде Үкімет мүшелерінің иммунитеттерін қарастырған
ереже алынып тасталды. Бұған дәлел болған – қандай да
болмасын мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе атқару
билігі өкілдерінің сыннан тысқары қалмауы еді. Құқықтық
мемлекеттің қалыптасу процесі 1995 жылғы Конституция-
ны қабылдағанға дейін енді ғана күшіне еніп келе жатқан