ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
104
Комитеті мен Министрлер Кеңесінің актілері арқылы рет-
теліп отыратын.
Мен ақиқатты Конституцияда бояп көрсетудің керегі
жоқ, ол Негізгі Заңның маңызын құнсыздандыруға апа-
рып соғады, оны бар-жоғы қайтадан жылтырақ бос сөзге
айналдырады деп есептедім және осы ойымды жұмыс
тобының мүшелеріне ашық айттым. Барлық конституциялық
құқықтардыңшынайы болуы, конституциялық нормалардың
тікелей қолданылуы үшін қажетті нәрселерді жасау керек
болды. Қазіргі жағдайда ешкім де еңбек ету, тегін денсаулық
сақтау және білім алу құқықтарын қамтамасыз ете алмай-
тын еді. Пайдасыз, құр босқа мәлімдеуден бас тарту қажет
болды. Олардың орнына жаңа Конституцияда: еңбек ету
бостандығының, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдаудың,
заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін
алудың, тегін орта білім алудың құқықтары жарияланды.
Конституцияны шынайы ететін тағы бір маңызды тетік
– оның тікелей әсерінде, былайша айтқанда, заңға сәйкес
келетін басқа актілердің болу-болмауына қарамастан ту-
ралай қолданыс күшінің болуында еді. Бұл дүние жүзінде
кең тараған және елдердің бәрі мойындаған тәжірибеге
айналған. Конституцияның барлық ережелері бүгіндері
жұмыс істеп тұр және Қазақстан азаматтарының құқықтарын
шынайы қорғауда.
Сонымен бірге, Конституция енді конституциялық
құқықтардың қатаң кепілдіктерін де қарастырған. Егер де
бұрын азаматтардың құқықтарын мемлекет тарапынан
уәкілдік берілген органдар кез келген сылтаумен шек-
тей алатын болса, енді Конституцияның 39-шы бабында:
«Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті,
адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың ден-
саулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада
ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» деп көрсетілген.