1995 жылғы
к
онституция
103
тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін
үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жа-
сайды» деп атап көрсетілді. Негізгі Заңның осы ережелері
ел халқының бір бөлігінің өздерінің де, ұрпақтарының да
болашағы үшін алаңдауын қойғызды. Сонымен бірге, шын
мәнінде кең тараған орыс тілі заңды түрде ешқандай мағына
бермейтін «ұлтаралық қатынастар тілі» деген терминмен ата-
луын тоқтатып, мемлекеттік тілмен бірдей қызмет атқаратын
конституциялық кепілдіктерді алды.
Мемлекеттің сыртқы саясатының принциптерін тұжы-
рымдау барысында Конституцияның 8-ші бабында әртүрлі
ұсыныстар, соның ішінде бейтараптықты жариялау тура-
лы да қарастырылды. Түптеп келгенде, өтпелі кезеңнің
қиындықтарынжеңу үшін басқамемлекеттермен белсенді ин-
теграция саясатын жүргізудің орынды екендігі мойындалды.
Конституцияда белгіленген жеке бастың мәртебесі жал-
пы мойындалған халықаралық стандартқа жауап береді,
өйткені онда адам құқықтары мен бостандықтары туралы
негізгі халықаралық құжаттардыңмаңыздыпринциптері және
нормалары қамтылған еді. Конституция арқылы реттелетін
кеңістіктіңжалпыжәне мемлекеттік ерекшеліктің негізгі сипат-
тары Негізгі Заңда, қоғамның ең жоғарғы құндылығы болып
табылатын адамның тумысынан жазылған, олардан ешкім
жоя алмайтын құқықтары тұрғысынан берілген-ді.
Жаңа Конституцияның төтенше маңызды жетістігі – сөз
жоқ, онда өмірлік тәжірибемен бекітілмеген құрғақ құқықтар
мен бостандықтардыбосқажариялаудан бас тартудың айқын
жазылғандығы болды. Құқықтардың ең үлкен көлемі кеңестік
конституцияларда жазылғаны мәлім. Бірақ олар бар-жоғы
саяси ұрандар ғана еді. Өмірлікшындыққажанаспайтынжәне
еш уақытта аяғына дейін іске асырылмайтын. Іс-тәжірибеде
Конституцияның нормаларын ешкім де қолданған жоқ.
Негізінен, істің барлығы Коммунистік партияның Орталық