ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
102
Конституцияның 6-шы бабында бекітілген мемлекеттік
меншік пен жеке меншікті бірдей қорғау принципінің іс
жүзінде зор маңызы бар. Бұл жерде осымен-ақ тоқтауға
болушы еді, бірақ кейбір сарапшылардың қарсылығына
қарамастан, Конституцияға: «Меншік қандай түрде болса да,
ол қоғамның игілігіне де қызмет етуге тиіс» деген толықтыру
енгізілді.
Біздің Негізгі Заңның тағы бір жағымды жағы – онда
жер мәселесінің шешілуі болды. Конституциялық тұжырым:
«Жер, сондай-ақ, заңда белгіленген негіздерде, шарттар
мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария-
лады. 1993 жылғы Конституция мұндай мүмкіндікті жоққа
шығарған еді.
Осылай бола тұра, жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурс-
тар бүтіндей мемлекет меншігінде қалды. Бұл көзқарасты
Конституцияның жобасын жасауға қатысқандардың
барлығы бірдей қолдаған жоқ. Жеке меншіктің барып тұрған
жақтаушылары барлық затқа жеке меншік болсын деген
пікірде болды. Сондай-ақ, жұмыс тобымүшелерінің көпшілігі
адамқолыменжасалынбаған заттардыңжекеменшікте болуы
негізсіз деп есептеді. Біздің жеріміздің байлығы бізге Алла-
дан берілген, сондықтан оны ата-бабаларымыз көздерінің
қарашығындай сақтай білген, ол бізден бұрын да болған,
бізден кейін де болады, сондықтан ол тек біздерге ғана емес,
келер ұрпаққа да тиісті. Осындай көптеген ескертулержобаны
бүкіл халық болып талқылаған кезде де түсіп жатты.
Жаңа Конституцияның сөзсіз үлкен жетістігі тіл мәселесін
шешудегі ұлттық мүдделердің айшықты көптүрлілігін
мүлтіксіз қанағаттандыруында болып табылады. Негізгі
Заңда: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –
қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен