1995 жылғы
к
онституция
101
мүмкіндіктеріне, ал екінші жағынан, өзара бірін-бірі шек-
теп отыруына, Конституцияда және заңдарда көрсетілген
құзіреттеріне араласпауына бағдарланған.
Сонымен бірге, Конституцияның 4-ші бабында «қолда-
нылатын құқық» деген ұғым берілген, ол бұрынғы Кон-
ституцияда болмаған еді. Мұнда ратификацияланған
халықаралық шарттардың Республика заңдарынан (бірақ
Конституциядан емес) басымдығы болады деп көрсетілді.
Бұл ереженің болуына халықаралық құқықтың басымдығын
жақтайтын кейбіреулер риза болмады. Дегенмен, түптеп
келгенде, баптың осындай редакциясы қабылданды. Бұл
ереже кейіннен Конституция ережелерінің жоғары тұруына
негізделген бірыңғай қолданбалы құқықтың тәжірибесін қа
лыптастыруға қатты көмектесті.
Конституцияның 5-ші бабында демократияның басты
белгісі – идеологиялық және саяси көптүрлілік бірінші рет
жарияланды. Бұл ереже, басқаларын былай қойғанда,
саяси партиялар мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің еркін
қызмет жасауын да қарастырған. Мұның өзі: осы кезеңде
идеологиялық мәселеде осыншама еркіндіктердің болуы
қажет пе, бұл оның тұрақтылығына зиянын тигізбей ме? –
деген сұрақтар туғызды. Соған қарамай, біз демократияның
пайдасына осындай шешім қабылдадық.
Бұл тұста мен: саяси саналуандықтың болуын бетімен
кетушілікке айналдырмау керек деп атап көрсеттім. Осыған
байланысты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге,
республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті
бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және
рулық алауыздықтарды өршітуге бағытталған қоғамдық
ұйымдардың құрылуына да, олардың мұндай іс-әрекетіне де
тыйым салынды. Бұл әсіресе Орталық Азияда халықаралық
лаңкестіктің таралуына және экстремистік топтардың
құрылуына байланысты өзін-өзі ақтаған шешім болып шықты.