Page 101 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
100
тарын көздейді. Өзінің әлеуметтік базасына сүйенген
ірі саяси бірлестіктердің болмауы, олардың әлі пісіп-
жетілмеуі жағдайында парламенттік республика туралы сөз
қозғаудың өзі мүмкін емес еді. Қазақстан үшін бұл модельдің
жарамайтындығын дамыған демократиясы бар елдердің
тәжірибесі де көрсетті. Парламенттік республикаға тән
белгілер – жиі-жиі болатын саяси дағдарыстар, заң шығару
органдарының жиі-жиі сайлауы және үкіметтің қайта-қайта
ауысуы. Бұл өзінің тәуелсіздігін аса қатаң экономикалық дағ-
дарыс жағдайында құрып жатқан жас мемлекетті сөзсіз
берекетсіздік пен тоқырауға апарып соқтырар еді. Ал реформа-
ны іске асыру үшін тұрақты мемлекеттен маңызды ештеңе жоқ.
Жаңа Конституция Қазақстанды президенттік Республика
депжариялады. Меніңжоғарыда айтқанымдай, президенттік
басқару түрін таңдап алу кездейсоқ емес еді. Қазақстан
жағдайында ең ықтималды болатын және қоғамның саяси
және экономикалық жүйесін реформалауға ең қолайлы
алғышарттарды жасайтын басқарудың дәл осы түрі еді.
Сонымен бірге Қазақстан Президентінің өкілеттілігі
шексіз емес. Сол сияқты, өкімет билігін асыра пайдалануға
мүмкіндік бермейтіншектеулер мен кедергілер жүйесі оған да
қолданылатын еді. Конституцияның 3-ші бабында көрсетілген
мемлекеттік биліктің біртұтастығы және оның тармақтарға
бөлінуі туралы принцип те ұзаққа созылған пікірталастың
нысанына айналды. Бұрынғы Конс­титуцияда, кейбір батыс
елдерінің тәжірибесіне орай, сол биліктің өзін бөлу туралы
әңгіме көтерілген-ді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан
жағдайында бұл шешім әртүрлі мемлекеттік институттар
арасындағықақтығыстардыңтууына, әрбір«билік»өздерінбір-
бірінен тәуелсізбіз деп есептейтін қателерге ұрындыратын еді.
Жаңа Конституцияда біртұтас мемлекеттік биліктің үш
тармаққа бөлінуінің тетіктері қарастырылған; ал мұның өзі,
бір жағынан, олардың тығыз ынтымақтасып қызмет жасау