91
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың
жүзеге асырылуы жоспарланып отыр:
1. Жоғары қысымды стеклопластикалық құбыр өндіретін зауыт құрылысы.
2. Қада қағатын металлоконструкциялар және тот басудан қорғайтын қабат енгізетін
өнімдер шығаратын зауыт құрылысы.
3. Сұйық дәрі формалары және медициналық мақсатта қолданылатын өнімдер шығаратын
фармацевтикалық комплекс құрылысы.
4. Жоғары сапалы жағармайлар өндіретін зауыт құрылысы.
5. Өнеркәсіптік ғимараттар және тұрғын үй құрылысының құрама элементтерін өндіретін
зауыт құрылысы.
6. Күн қуат тетігін өндіретін зауыт құрылысы.
7. Металлоконструкциялар және сэндвич-панелдер шығаратын зауыт құрылысы.
8. Антикоррозиялық химиялық берік қабат шығаратын зауыт құрылысы.
9. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытқа кеңейтілуі.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың
жүзеге асырылуы Қазақстанның, сонымен қатар Батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына оңды ықпалын тигізеді. Ал, отандық теңіз көлік әлеуетін тікелей дамытуға бір
ғана жоба, яғни Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу
жобасы әсерін тигізеді. Басқа жобалардың отандық теңіз көлік әлеуетіне жанама әсер
беретінін назарға салу керек. Себебі, арнайы экономикалық аймақта орын алып отырған
жеңілдіктер Ақтау порты үшін толық енгізілмеген. Жеңілдіктер тек қана арнайы
экономикалық аймаққа кіретін жабдықтарға кеден, баж және қосымша құн салықтары
алынбауымен шектелініп отыр. Басқа жеңілдіктер түрі, мысалы корпоративті табыс
салығы, жер және мүлік салығы секілді салықтық жеңілдіктер орын алмайды.
Сондықтан, отандық теңіз көлік әлеуетін дамыту мақсатында Ақтау халықаралық теңіз
сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасына жоғарыда аталған 9 жобаға
берілген барлық жеңілдіктерді қолдану қажет. Ол өз алдына отандық порттың әлеуетін
арттыруға мүмкіндік береді.
Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілуінің басты мақсаты - Ақтау портының қазіргі
деңгейдегі инфрақұрылымын кеңейту, мұнай, құрғақ жүктердің және экспортқа
бағытталған шикізаттарды жеткізіп беруге байланысты өткізу нарқына бағытталған
қажеттіліктерді қанағаттандыру, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді
ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу.
Аталған мақсатқа жету үшін негізгі міндеті - Ақтау портының жүк айналымын ұлғайту
немесе жылына 20 млн. тонна мұнайды, 3 млн. тонна құрғақ жүктерді тасымалдауды
қамтамасыз ету.