90
Арнайы экономикалық аймақтардың шетелдік тәжірибесі мен отандық даму тарихы
келесідей қорытынды беріп отыр. Жеке арнайы аймақтардың нақтылы мақсаттарының,
ерекшеліктерінің белгілі болып жіктеліну сипатымен айқындалуы керек. Ұлттық мүдденің
дамуы мен әлеуетті инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуі, экспорттың дамуына
көліктік-географиялық және басқада алғышарттардың орын алуы тиіс.
Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарының бірі болып табылатын
«Ақтау теңіз порты».
Қазақстан Республикасының Президентінің «Арнайы экономикалық аймақты құру
туралы» Жарлығында «Ақтау порты» № 853 2002 жылдың 26 сәуірінде Ақтау портының
территориясына жататын арнайы экономикалық аймақ құрылды және де ол 2003 жылдың
1 қаңтарынан бастап қызмет атқара бастады. Ақтау портының құрамына кіретін
территориялар (227,1 ға) келесідей мүмкіншілікке ие.
«ҚазМұнайҒаз» Ұлттық компаниясының мұнай құбырлар жүйесі Қазақстанның мұнай кен
орындарымен тікелей байланысты; автокөлік жолдарының дамыған торабы; Батыс пен
Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы әр түрлі транспорттық маршруттардың
бағыттарының қосылуындағы қолайлы орналасуының нәтижесінде географиялық
калпының бірегейлігі;
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының субъектісі Ақтау халықаралық
теңіз сауда порты болып табылады. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы
порт инфрақұрылымының дамуына және жүк тасымалы көлемінің ұлғайуына әсерін
тигізіп келеді. Арнайы экономикалық аймақты құру кезінен бастап Ақтау портының қайта
жарақтандыру жұмыстары жасалды. Қайта жарақтандыру жұмыстары жыл сайын 11 млн.
тонна мұнайды, 1,5 154 млн. тонна құрғақ жүкті және 25 мың бірлік контейнерлі жүкті
тасымалдауға мүмкіндігін арттырды.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын дамыту мақсатында Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылдың 7 ақпанының №259 Жарлығына сәйкес арнайы
экономикалық аймақтың территориясы 227,1 ға 982,3 ға дейін кеңейтілді.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында берілген жеңілдіктер қатарына
корпоративті, жер, мүлік салықтарынан, еркін экономикалық аймаққа қатысушылардың
қажеттілігіне келетін жүктерге кеден, баж салықтарынан толық босатылуын жатқызамыз.
Арнайы экономикалық аймақтардың сапалы дамуын қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2007ж. 6 шілдеде «Қазақстан
Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы, сонымен қатар
«Арнайы экономикалық аймақтардың қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасы кейбір
заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданды.
Бұл құжаттарда «компания-оператор» деген ұғым кіріп отыр, оның мақсаты кәсіби
деңгейде және тиімді дайындалған басқаруды тарту. Өкілетті орган - Қазақстан
Республикасының индустрия және сауда министрлігі жанында эксперттік кеңес құрылып,
оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және кәсіпкерлердің
өкілдері кіреді. Олардың басты қызметі-келешегі зор жаңа жобаларды қарастырып, ол
туралы қорытынды ұсынысты министрлікке ұсыну.