Page 92 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

92
Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық шешіміне сәйкес (21.06.2005 ж. № 17-
54/007-227 хаттамасы) құрылыстың бірінші кезегіне: түбін тереңдеткіш жұмыстары
бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, Порт айдынында түбін тереңдету және мол,
толқын тосқы, айлақтық құрылыстар, қайта тиеу аландары, инженерлік желілер және
Порттың кеңейтілетін бөлігінде қосымша құрылыс объектілерін салу жоспарланған.
Қазіргі күні - мол, толқын тосқы жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр. Ал қалған
жұмыстарды жалғастыру қаржы мәселесінің толық шешілмеуіне байланысты жүзеге
асырылып жатқан жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсанындағы №1199 Қаулысына
сәйкес 25 млн. АҚШ доллары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26
ақпанындағы №143 Қаулысына сәйкес 75 млн. АҚШ доллары «Қазақстан Даму Банкі» АҚ
тарапынан берілді.
Ақтау портының солтүстік бағыт бойынша кеңейтілу қажеттілігі еліміздің өнеркәсіп
өндірісінің, мұнай-газ саласының қарқынды дамуымен және транзитті жүк көлемінің
ұлғаюы, сонымен қатар шикізат өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасының өсуімен
байланысты болып отыр. Соған сәйкес Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілуі
үшін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ территориясынан 22ға жер телімі
бөлінді.
Осыған сәйкес келесі айлақтарды және инфрақұрылымдарды салу жоспарланып отыр:
− № 14. 15, 16, 17 мұнай құю айлақтарын салу;
− № 18 порт флотының айлағын, № 19 экологиялық айлағын, № 20 ӘТК айлағын салу;
− №21 контейнерлерді және № 22,23 басты жүктерді ауыстырып тиеу үшін айлақтарды
салу;
-Аумақты және инфрақұрылымды жасау бойынша жұмыстар;
− Жаңа портқа қызмет көрсету бойынша ғимараттарды және құрылыстарды, автожол,
теміржол желілерін салу.
Ақтау порты арқылы мұнай тасымалдайтын ірі мұнай өндіру компаниялары ретінде
«Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Тенгиз Шевроил», «Аджип КСО» және т.б.
Аталған қолайлы жағдайларға байланысты Ақтау порты арқылы мұнай тасымалына келесі
факторлар әсер етеді:
− мұнай өндіруші компаниялардың мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы;
− Ақтау портының географиялық орналасуы мен қажетті инфрақұрылымдардың
қызметіне мұнай өндіруші компаниялар тарапынан қызығушылық танытуы;
− мұнай тасымалын танкерлік тасу арқылы әр түрлі бағытта қызмет атқаруы.
Ақтау порты арқылы мұнай тасымалынан басқа құрғақ жүктерді де тасымалдау 2001-2015
жылдар аралығында болжанып отыр. Құрғақ жүктердің түрлері келесідей: металл,