Page 89 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

89
Порттың бәсекелестік әлеуеті, оның жүк айналымын және тиімді қызметін анықтайтын
фактор болып табылады. Сондықтан, технологиялардың, жүк түрлерінің және кемелерінің
заманға сай ауысып отыруы үлкен инвестициялық қаражатты талап етеді. Осыған сәйкес
порт инвестициялық жобаларды игеру жағдайында жоғары технологиялық
инфрақұрылымдарды іске қосудан тікелей тәуелді.
Еркін экономикалық аймақтардың шетелдерде даму тәжірибесін ескеру арқылы отандық
арнайы экономикалық аймақтардың дамуы келесідей болды. Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес 1996ж. 26 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
арнайы экономикалық аймақ туралы» Заңы қабылданған. Арнайы экономикалық аймаққа
кіретін резиденттердің табысына түсетін салық ставкасы төмен мөлшерде болды (жалпы
ұлттық ставка 30%-бен салыстырғанда 20%-ға дейін төмен). Арнайы экономикалық
аймақтың бюджет жалпы табысының тұрақты нормативті бөлінісімен өзара байланыста
болған.
1996-2000 жылдар аралығында 4 арнайы экономикалық аймақтардың қызмет атқарғаны
белгілі, олар: Ақмола, Лисаковск, Жайрем-Атасу, Қызылорда.
Аталған арнайы экономикалық аймақтарда өндіріс пен өңдеу саласын дамыту мақсатында
жабдықтарды, шикізат пен материалдарды кіргізгені үшін баж салығынан босатылады,
сонымен қатар аймақтағы өндірілген және өңделген өнімді шығару кезінде баж салығы
жүрмейді.
Қазақстандағы қызмет атқарған арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындардың 1996-
1998 жылдар аралығында аймақтық экономиканың экспорттық әлеуеті ұлғаймаған,
технологиялық деңгейі төмен, өңдеу өнеркәсібі мен ғылыми ауқымды саланың дамуы
байқалмады.
Осы жағдайдың туындау себебі отандық арнайы экономикалық аймақтардың құрылу
мақсатының көптігі мен әр түрлілігі, арнайы экономикалық аймақтың нақтылы басты
мақсатының жоқтығы және макроэкономикалық міндеттерді орындау мақсатына жету
үшін аймақ қызметінің механизмі толық нақтыланбаған.
Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтардың теоретикалық және методикалық
зерттеуінің жетіспеушілігі, территориядағы экономикалық әлеуеттің құрамдас
бөліктерінің терең талданбауынан және сол территориядағы әлеуетті шетелдің
инвесторларының мүддесін ескермеу себептерінен арнайы экономикалық аймақтар
құрылған.
Көліктік-географиялық тұрғыда Ақмола арнайы экономикалық аймағы орынды болған. Ал
Қызылорда арнайы экономикалық аймағының дамуына кедергі болған көліктік-
коммуникация және энергетикалық инфрақұрылымның жоқтығы.
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарының қызметін талдау барысында арнайы
құрылған аймақ тек шағын бизнестің, сауда-делдалдық қызметтің дамуына, жалпы
жұмысбастылықтың өсуіне ықпалын тигізеді, ал экспорттық әлеуеттің дамуын
ынталандыруға, технологиялық базаның жандануына, жалпы ішкі өнім құрылымындағы
дайын өнім үлесінің ұлғайуына, бәсекелестік қабілеттілігі мен ғылыми ауқымдылығының
жоғарылауына әсерін тигізбейді.