Page 9 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

9
отырмыз, демек, әр түрлі салада. әр түрлі мақсатқа қол жеткізу үшін күш-қуаттың
мүмкіндіктерінің жиынтығын сипаттайтын терминге жүгінуіміз қажет деп есептейміз.
Сонымен, экономикалық әлеует туралы бірқатар анықтамалар мен тұжырымдарды талдау
арқылы экономиканың маңызды салаларының бірі көлік әлеуетін, оның ішінде теңіз
көлігінің әлеуеті жөнінде қарастырамыз. Ол өз алдына жоғарыда келтіргеніміздей
қоғамның экономикалық әлеуеті жалпылама сипат алса, белгілі бір саланың әлеуетінің
ерекшелігі мен астарлы қырлары өзіне тән ерекшелігімен, сипатымен, бағалау тәсілімен
сипатталады.
«Потенциал» терминінің төл мағынасын ашу жөніндегі анықтамалардан кейін оны
зерттеуге байланысты жаңа ғылыми бағыт ретінде «потенциалогия» теориясы мен
методологиясы жөнінде ұсынып отырған отандық көрнекті ғалым О.Ж. Алиевтің
ауқымды да терең зерттеулерінде потенциялогияның методологиясы мен логикасы
келесідей топтастырылған:
− ұғымдық-категориялық аппаратын әзірлеу;
− әлеуеттің жіктелуін, оның жүйелік құрылымын, мақсатты қызметін ашу;
− әлеуеттің жағдайы мен әр түрлі туындалатын қатынасын зерттеу, уақыт пен кеңістіктегі
статикасы мен динамикасы;
− қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының, соның ішінде қоғамның кез келген
мүшесінің және ұлттың мүддесі үшін барлық потенциалды пайдаланудың проблемаларын,
жолдарын, және механизмдерін анықтау, ашу;
Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуындағы білім, ғылыми-зерттеу,
инновациялық, рухани-тәрбиелік потенциалдардың орнын, рөлін, маңызын анықтау және
әдістерін жеделдету.
О.Ж. Алиевтің еңбегінде ресурс, фактор, русурстық потенциал, факторлы потенциал,
патенциометрия, экономикалық потенциалогия ұғымдарына анықтама берген. Оның
пікірінше, «экономикалық потенциалогия» - әлеуметтің (социумның) экономикалық
әлеуеті туралы ғылым, ілім (теория, тұжырым, әдістеме, технология), яғни экономикалық
әлеуеттің сапалы және сандық бірлігі, құрылымдық-функционалдық, аймақтық-салалық,
статикалық-динамикалық сипатын зерттейтін ғылым» деп тұжырымдалған.
Сонымен қатар, әлеуеттің жүйелі-құрылымдық-функционалды сипаты бойынша
«әлеуетті» әр түрлі туындалған белгілері (критерийлері) бойынша құрылымдаған. «Жүйе−
орта» критерийі бойынша жүйе ретінде қалыптасқан ел, сала, кәсіпорынның әлеуеті мен
аталғандардың ортасының (среда) әлеуеті қарастырылады. Өндіріс факторлары
критерийлері әлеуетті жіктеп көрсетіп отыр. Ресурстық көздері бойынша табиғи,
материалды техникалық, еңбек ресурстық, қаржы-ресурстық, ақпараттық ресурстық
әлеуеті бойынша жіктеген және пәнді критерйі бойынша экономикалық, мәдени-тарихи,
этногенетикалық, ғылыми-инновациялық критерийлері бойынша топтастырып отыр.
Аталған жіктелулерде экономикалық потенциалогияның «экономикалық өсім әлеуеті»
және «экономикалық даму әлеуеті» ұғымдарының нақтылы жіктелуіне ұсыныс жасап,
келесідей анықтама беріп отыр. Демек, «экономикалық өсім әлеуеті» - шаруашылық