Page 8 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

8
«экономикалық әлеуетті келесідей қарастыру қажет: ұлттық өсімнің және елдің
экономикалық қуатылығының қайнар көзі; қоғамның өндіргіш күштерінің даму нәтижесі;
салалардың, кәсіпорынның, бірлестіктердің, ресурстардың өндірістік мүмкіндіктерінің
максималды көрсеткіші; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал; материалды
игіліктер өндірісі жоспарының, ресурстар мен ұлттық байлықты пайдаланудың тиімді
критерийлері».
Кез келген зерттеушінің экономикалық әлеуетке берген анықтамалардағы
айырмашылықтар, осы ұғымның бір қырын, астарын көрсетуге тырысқан, бірақ әлеуеттің
толық ауқымды мағынасына келгенде ауқымы тари түседі. Келтірілген анықтамаларда
Б.М. Мочалов әлеует өлшемін анықтайтын шарттар мен факторларға, ал басқа авторлар
қоғамдық-экономикалық қатынастардың сипатына назар аударған және оны
пайдаланудың нәтижелеріне нұсқау беріп отыр.
Сонымен «экономикалық әлеует» терминіне анықтама беру үшін біздің ойымызша, басқа
категориялардан айырмашылығы бар негізгі сипатын бөліп қарастыру қажет. Олардың
ішінде:
1. Экономикалық әлеует − шама-шарқына байланысты қабілеттіліктердің жиынтығы,
талданып отырған жүйенің мүмкіндіктері.
Демек, экономикалық әлеует белгілі бір ресурстардың жиынтығымен сипатталады.
2. Бұл ресурстар өндірісте қолданылуы тиіс немесе шаруашылық жүйеге пайдалануға
дайын күйде болуы қажет, яғни бұл термин дамудың жеткен немесе жетілген деңгейін
сипаттайды.
3. Жүйенің қабілеттіліктері мен мүмкіндіктері, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша өзара байланысқан және шаруашылық
үдеріске қатысты адамдар, кәсіпорын, мемлекеттік мекемелер арасында өзара қарым-
қатынастағы сипатымен ерекшеленеді. Бұл қатынастардың мақсаты біздің пікірімізше,
ресурстарды тиімді пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді өндіру негізінде
қажеттілікттерді қалыптастыру және оны барынша қанағаттандыру деп санаймыз.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар мен пікірлерді ескере отырып. «экономикалық әлеует»
термині − бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда бар ресурстарды
тиімді пайдалану арқылы, қоғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты тауарлар мен
қызметтермен барынша қанағаттандыру және қалыптастыру мүмкіндіктерінің жиынтығы
деп тұжырымдаймыз.
Бұл терминнің айналасында өрбіген өзекті мәселелер маңызды. себебі қоғамның
экономикалық әлеуеті жалпы жағдайды және жалпы даму заңдылықтарын сипаттаумен
шектелгендігін байқаймыз, ал экономиканың саласындағы, оның ішіндегі құрамдас бөлігі
мен кәсіпорын деңгейінде өрбитін үдерісті сипаттау қалыс қалады. Болжау құру үшін
немесе жоспар жасау мен тиімді шешімдерді қабылдау үшін қызметтердің әр түрлі
бағытындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін саланың (кұрамдас бөлігінің), кәсіпорынның
мүмкіндіктері жөнінде шынайы ақпараттармен қамдану қажет немесе сол ақпараттардың
объективтілігі қажет. Осы ретте барлық мүмкіндіктер мен шектеулерді ескеретін
жинақталған, интегралды бағалау ақпаратымен иемденген жөн. Бұндай мүмкіндіктерге
«потенциал» терминімен қол жеткізуге болатыны туралы ойымызды ортаға салып