10
қызметте әлеуеттің орын алуы, бірақ толық пайдаланылмаған шынайы әлеует ретінде
қарастырса, «экономикалық даму әлеуеті» - экономикалық өсім әлеуетімен бірге оның
өзектілік жағдайына тәуелсіз және сол әлеуеттің пайдаланылмаған құрамдас әлеуетін,
бірақ шаруашылық қызметке келешекте пайдалануға мүмкіндігі бар әлеует деп
тұжырымдайды.
Қазақстан экономикасы әлеуетінің мәселелеріне арналған зерттеулердің қатарында мұнай
әлеуетінің орны туралы көзқарастарды кездестіруге болады. Ол зерттеушілердің қатарына
профессор Р.А. Алшановтың «... Қазақстанның мұнай қоры экономикалық әлеуеттің
құрамдас бөлігі ретінде табылып, сонымен қатар табиғи-шикізат компоненті болып қана
қоймай, оның құрамдас бөлігі және күрделі жүйе ретінде орын алып, сол жүйеге кіретін
құрамы жеке өндіріс болып табылады» деп тұжырымдаған. Осы мәселені терең зерттеу
нәтижесінде логикалық жалғасын табатын құнды пікірін ортаға салсақ, оның пікірінше «...
мұнай әлеуетін пайдаланудан экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін интеграция
үдерісі мен соңғы өнімнің өндірісін кеңейту қажет».
Сонымен қатар соңғы өнімнің өндірісін дамыту мақсатында мұнай кешенінде шикізат пен
тауар ағымын және тоқтап тұрған мұнай химиялық өндірісін шоғырландыруға
қабілеттілігі бар бірыңғай үйлестіруші орталықтың құрылу керек екендігін, ұсынып отыр.
Демек, бұл тұжырым мен ұсыныста өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыстын
сапалы деңгейі дамыған инфрақұрылым арқылы немесе инфрақұрылым әлеуетін
пайдалану негізінде жүзеге асыру қажет екендігін ортаға салып отыр.
«Экономикалық әлеует» ұғымына өзінің көзқарасы туралы отандық ғалымдарымыздың
бірі профессор К.А.Тазабековтың берген анықтамасы келесідей: «...елдің экономикалық
әлеуеті - ұлттық экономиканың алдына қойған міндеттерін шешуге және ойлаған
мақсаттарына жетуге қабілеттілігін көрсетеді, сонымен қатар табиғи, өндірістік еңбек
ресурстары мен ғылыми-техникалық, рухани әлеуетімен анықталады».
Жалпы көлік әлеуеті жөнінде ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізген отандық
ғалымдарымыз Н. Исинғариннің, Р.Алшановтың, Т. Баяхметовтың, М, Бекмахановтың, К.
Жүйріковтың, Р.Сатованың, Л. Сухованың, және т.б. еңбектерінде көліктің экономикалық
мәселелеріне арналған еңбектері бар. Жалпы көлік саласының маңызды құрамдас бөлігі
ретінде теңіз көлігінің әлеуетіне баса назар аударып, терең зерттеулер мен ұсыныстар
беретін көбіне Н.Исинғариннің еңбектерінің орны ерекше. Ол өз алдына теңіз көлік
әлеуетінің транзиттік әлеуетіне баса назар аударып отыр, яғни оның пікірінше
«...қазақстан кластерінің қалыптасуы үшін базалық сфера ретінде көлік пен логистика
жатады. Көлік пен логистика бойынша кластерлік бағдарламада Ақтау теңіз портының
әлеуетін пайдалану қажет. ...Европа-Азия бағытындағы жүктерді тасымалдауда елдің
транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану үшін Ақтау теңіз портын пайдалану керек» деп
айтып отыр.
Демек көлік әлеуетінің сипаты ретінде оның транзиттік мүмкіндігін ортаға салып
отырғандығын ескереміз. Теңіз көлік әлеуетінің ерекшелігі ретінде жүкті тасымалдау,
жеткізу, тиеу/түсіру жұмыстарымен сипатталады, яғни жүктің осы үдерістегі шамасы
тоннамен өлшеніп белгілі бір деңгейде өндірістік үдерісті көрсетеді. Ол өз алдына
ресурстық көздерінің, өндірістік факторлары мен «жүйе-орта» критерийлеріне сәйкес
келуін байқаймыз.