Page 88 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

88
инвестициялық әлеуетті 2 млн. евроға жеткізген жағдайда, осы жеңілдіктің 50%-ын тағы
10 жыл көлемінде пайдалануға мүмкіндік беру; мүлік және жер салығынан босату;
жеделдетілген аммортизация режимін қолдану кіреді.
1997 жылдан бастап Францияның 38 қаласы және Корсика «еркін аймақ» ретінде
жарияланды. Осы аймақтағы құрылған кіші және орта кәсіпорындар үлкен салықтық
жеңілдіктерге ие, мәселен осы кәсіпорындар 5 жылға әр түрлі салық түрлерінен және
міндетті төлемдерден босатылған.
Ирландияда «Шеннон» еркін экономикалық аймағы қызмет атқарады. Бұл аймақтың
қалыптасуы дамыған туризм мен баж салығынан босатылған сауданың дамуымен
байланысты. Бұл аймақтағы қатысушылардың барлығы салықтық жеңілдіктерге,
өндірістік ғимараттар мен жерге арендалық төлемдерге шегерімдерге ие болып отыр.
Қытайда 5 айырықша экономикалық аудандар қызмет атқарады: Шэньчжэнь, Сямэнь,
Чжухай, Хайнань, Шаньтоу. Бұл аймақтарда кедендік және салықтық жеңілдіктер бар,
15%-қ табысқа салынатын салық, 10 жыл мерзімде жүзеге асырылатын жобаларға 2 жыл
салық салымдары жүрмейді. Шет елге ақша қаражаттарын аударуға жеңілдіктер
ескерілген. Шет елдің инвесторлары қытай кәсіпорындарына пайдасының белгілі бір
бөлігін қайта инвестициялау кезінде табысқа салынатын салықтан босатылады. Егер
өнімнің 70%- ы экспортталған болса, табысқа салынатын салыққа 10 %-дық шегерім
беріледі. Аймаққа қатысушалар жабдықтарды импорттаған жағдайда баж салығынан
босатылады.
Қытайдың айрықша экономикалық аймақтарының дамуы айырықша аудандарда дамыған
инфрақұрылымдардың құрылуымен сипатталады. Сол себептен әлемнің ірі инвесторлары
көптеп тартылды, бірақ 80%- ға жуық шығындарын мемлекет бюджеттен
қаржыландырған.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес арнайы экономикалық аймақты құру кезінде бірнеше
модельдер бар екендігін білеміз. Олар арнайы мамандандырылған аймақтан кешенді
аймаққа және локальді түрден ынтымақтастық түрге модельдеу жолдары.
Арнайы экономикалық аймақтың барлық модельдері Балтиканың және Солтүстік теңіздің
порттарында кездеседі. Шығыс Балтикадағы порттардың тұтастығы геосаяси және
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нарықты экономикадағы үдерістерге сәйкес
ұқсастығымен сипатталады.
Балтиканың шығыс жағалауындағы және Солтүстік теңіздегі порттардың қызметін
ұйымдастырудың моделі келесі маңызды факторларды анықтаумен ерекшеленеді:
порттың геокеңістіктегі рөлі, кедендік реттеу, порттың меншігіндегі жабдықтар мен
құрылғылар.
Көлік кешені, соның ішінде порт Балтика мемлекеттерінде халық шаруашылығының
маңызды саласы болып, жалпы ішкі өнімнің 20- 30%-ын құрайды. Порттық қызмет
нарығы бірыңғай көлік жүйесінің элементі ретінде халықаралық бәсекелестік жағдайға
қатысады. Бәсекелестік жағдайда тиімді қызмет атқару үшін порт өзінің жабдықталу мен
ұйымдастырушылық-экономикалық критерийлері бойынша халықаралық стандарттардың
деңгейіне сәйкес келуі керек.