83
технологиялық жабдықтарын енгізу қажет. Сонымен қатар, осы маршрутта жүретін
жүктің сақтануы мен жүкті жеткізудің мерзімін төмендетуді қамтамасыз ету маңызды.
Қазіргі таңда контейнерлердің транзитті жүк тасқынын тартуға барлық алғышарттар бар.
«ҰК «Қазақстан темір жолы» ТРАСЕКА дәлізі бойынша Достық станциясы - Ақтау порты
аралығында төмендетілген коэффициенттерді ұсыну қарастырылуда.
«Ақтау порты» арнайы экономикалық аймағының қызметі және Каспий шельфіндегі ірі
мұнай кенін игеру, зерттеу жұмыстарын ескеретін болсақ Ақтау порты арқылы
контейнерлі жүк тасымалының ұлғаюы ықтимал.
ТРАСЕКА дәлізі бойынша қолайлы тарифтік режим Солтүстік дәліздің Трансазиялық
теміржол магистралінен (Қытай-Достық Алашанькоу - Пресногорьковская - Санкт-
Петербург - Гамбург Роттердам) тасымалданатын контейнерлі жүк тасқынының біраз
бөлігін Актау-Баку-Потиге (Батуми), одан әрі Европа мемлекеттеріне тартуға мүмкіндік
береді.
Ақтау портының өндірістік қуаттылығының жылына 25 мың тонна контейнерлі жүк
тасымалын өткізуге нақтылы мүмкіндігі бар. Әсіресе Қытай тарапынан келетін
контейнерлі жүк тасымалын өткізу басымды болып отыр.
Демек, контейнерлі жүк тасымалының транзитті әлеуетін арттыру мақсатында Қытай,
Қазақстан, Иран, Әзірбайжан және Грузия аумақтары транзиттік жүктерді кедергісіз
өткізуге мүмкіндік беретін нормативтік базаны әзірлеуді жылдамдату, жүк жүргізудің
барлық телімін бірдей көлік кедендік жүк құжатты қолдану, Ақтау порты арқылы
Қазақстан аумағы бойынша транзиттік жүк ағымын тиімді жүргізудің логистикалық
жүйесін әзірлеу және енгізу, ТРАСЕКА дәлізін тиімді пайдалану және дамыту мақсатында
Қазақстан және ҚХР арасында жүк тасымалдау тарифін төмендету мәселесін қарастыру.
Аталған шаралармен қатар, Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, және Грузия мемлекеттері
арқылы өтетін халықаралық транзитті жүктердің тосқауылсыз өту режимін қамтамасыз
ететін нормативті-заңнамалық базаны әзірлеуді жеделдету қажет.
Әлемдік тәжірибеде қолданатын ережелер мен нормаларға сәйкес келетін отандық
экспедиторлар мен операторлардың аралас тасымалдау қызметтерінің құқықтық негізін
құру;
Темір жол көлігінде және теңіз порттарында транзиттік жүкті өңдеудің қолданыстағы
ставкаларын төмендетуді қарастыру.
Аталған ұсыныстарды іс жүзінде жүзеге асыру отандық теңіз көлік әлеуетінің, транзитті
мүмкіндігін арттыруға жағдай жасауы ықтимал.
Әзірбайжаннан транзитті жүк тасымалын, соның ішінде контейнерлі жүк тасымалын
жеделдету мақсатында жеміс-көкөністер миналының құрылысын салу қажет. Бұл
ауылшаруашылық өнімдерінің транзитті жүгін жеделдетуге ықпалын тигізеді.
Контейнерлі жүк тасымалының қалыптастырушысы немесе контейнердің ішіне
жинақталған жүк түрлері контейнерлі тасымалдауды дамытуға әсерін тигізеді.