Page 82 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

82
Қазіргі таңда Қытай батыс өңірінің өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымын дамытуды
бастады (ШҰАР). Болжам бойынша ШҰАР мен Европа арасындағы жүк айналымы 30
млн. тоннаға дейін жетуі ықтимал.
Сонымен қатар, жүктерді контейнерлеу бойынша әлемдік үрдісті ескеретін болсақ,
келешекте ТРАСЕКА дәлізі бойынша тасымалданатын контейнерлердің жүк
айналымының бағытын Ақтау порты арқылы тасымалданатын маршрутқа бейімдейтін
қолайлы жағдайларды құру мәселесі басымды болуы қажет.
Тарифтердің салыстырмалы талдауын ескеретін болсақ, қазіргі уақытта Ақтау порты
арқылы контейнерлерді тасымалдау маршрутының бәсекелестігі төмен.
Контейнерлі тасымалдауды тартудың негізгі жағдайы ТРАСЕКА дәлізі бойынша қолайлы
тариф режимін құру болып табылады.
Бұл маршрут бойынша «ҰК «Қазақстан темір жолы» Достық-Ақтау порты және Бейнеу-
Ақтау маршруты бойынша транзиттік контейнерлерге төмендетілген коэффициент
ұсынуды қарастыру үстінде. Әзірбайжан және Грузия теміржол компаниялары да
өздерінің мемлекеті арқылы өтетін маршруттарға төмендетілген коэффициент ұсынуға
дайын.
ТРАСЕКА және Солтүстік - Оңтүстік дәліздері арқылы өтетін транзитті жүктер үшін
тарифтерді оңтайландыру мәселесі бойынша ортақ келісімдер жасау қажет. Ол өз алдына
Атау порты арқылы жүк тасымалының бәсекелестік қабілетінің жоғарылауына ықпалын
тигізеді.
«Сотүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА дәлізі бойынша контейнерлер жүк тасқынының
дамуы біздің пікірімізше келешегі зор. Контейнерлі жүк тасқынының қарқынды болған
жағдайда Шығыс-Батыс-Шығыс (ТРАСЕКА) маршруты бойынша, Қазақстан және Ресей
Федерациясының Орал аймағы бағыттарына Ираннан, Персия шығанағынан және
Түркиядан контейнер ағымы қарастырылып отыр.
Аталған халықаралық дәліздерден басқа, порт арқылы жүк тасымалының әлеуетін өсіруге
бірден-бір ықпалын тигізетін теміржол тасымалы болып табылады. Қазіргі күні БАӘ-
Ақтау-Алматы бағыты бойынша контейнерлерді тасымалдаудың қолданыстағы тарифі
салыстырмалы түрде БАӘ-Серахс-Алматы бағытына қарағанда жоғары екендігін назарға
алсақ, контейнерлі жүк тасымалында Ақтау порты арқылы тасымалдау бәсекеге қабілеті
төмен, бірақ транзиттік әлеуеті бар. Серахс өткелінің шектеулі өткізу мүмкіндігін
ескерсек, бұл әлеуетті толықтай пайдалануға мүмкіндік бар. Ол тек қана Ақтау порты
арқылы жүк тасымалының тағайындалған тарифтеріне шегерімдік коэффициенттерді
қарастыру қажет немесе төмендету жағын ендіру керек.
Транзитті жүк тасымалын тарту мақсатында Азия және Тынық мұхит аймақтары мен
Батыс Европа, ТМД мемлекеттері арасындағы жүк тасымалына бірыңғай деңгейдегі
ставканы бекіту қажет. Ол ставка теңіз көлігі мен альтернативті теміржол
маршруттарының ставкасына бәсекелестік қабілеті болуы керек.
Бұл контейнерлі жүк тасымалының порт арқылы транзитті жүктердің тасымалдау әлеуетін
көтеруге ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, транзитті жүк тасымалын тарту мақсатында
тек баға факторы орын алып қана қоймай контейнерлі жүктерді өңдеудің сервисті