Page 84 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

84
Контейнерлердегі жүк түрлеріне: құрал-жабдықтар, асбест, халық тұтынатын тауарлар
және т.б.
Құрал-жабдықтар Каспий шельфінің мұнай кен орындарына және Батыс Қазақстанның ірі
мұнай компанияларының қажеттіліктеріне тасымалданатын габариттік емес жүктен
тұрады.
Тенгиз ірі кен орнында екінші буынды зауытын салу және «Аджип КСО» компаниясы
мұнай және басқа габариттік емес құрал-жабдықтарды жеткізуді арттыру порт арқылы
ауыстырып тиеу көлемінің ұлғаюына әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Қашаған, Қайратон,
Құрманғазы, Абай және Бозашы кен орындарында мұнайды өндіру және әзірлеу бойынша
жұмыстардың жандануын ескере отырып, габариттік емес және мұнай құрал-
жабдықтарының көлемінің ұлғаюы контейнерлі тасымалданудың дамуына ықпалын
тигізеді.
«Қостанай-асбест» компаниясы көлемі 200 мың тоннадан жоғары өнім шығарады, оның
ішінде өнімді экспорттаудағы негізгі өткізу нарығы келесі елдерге тасымалданды: ҚХР,
Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасы т.б.
Қазіргі кезде «Қостанай-асбест» компаниясының ИИР бағытындағы өнімінің белгілі
көлемі Астрахань порттарын пайдалану арқылы тасымалданады, оның көлемі шамамен
жылына 40-50 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта «Қостанай-асбест» компаниясы
өкілдерімен осы көлемді Ақтау портына қайта бағыттау жөнінде келіссөздер өткізу
жоспарлануда.
Нарық конъюнктурасына сәйкес тартымды тариф тәртібін құрған жағдайда келесі
ауқымды жүк ағымдарын тарту мүмкіншілігі бар: күкірт, қара металл сынығы,
минералдар (асбест), химиялық өнімдер (фосфаттар, күйдіргіш сода), ағаш материалдары,
қағаз, ХТТ, азық-түлік (қызанақ пастасы, шай), дөңгелекті техникасы, құрал-жабдықтар
және құрылыс материалдары.
Халық тұтынатын тауарлар Қытай және Қазақстан көліктік коммуникациялық желісін
иемдене отырып халықаралық транзиттік тасымалдау нарығында іс-әрекетті жандандыру
үшін барлық мүмкіншіліктері бар. Ол мүмкіншіліктер келесі факторлармен байланысты:
− Қазақстан, Қытай және Азияның басқа елдерінің қатысуымен Ақтау порты арқылы
Үрімші- Достық-Ақтау порты-Баку порты-Кавказ, Шығыс және Батыс Еуропа елдері
арасындағы екі жақты бағдармен жүктеу болып табылады;
− Халық тұтынатын тауарлардың белгілі бір көлемдерін Закавказье және Қара теңіз алабы
елдеріне өткізу мен пайдалану және өндірудің өсуі Ақтау порты арқылы ХТТ транзитті
тасымалдаудың өсуіне мүмкіншілік береді.
Аталған қолайлы жағдайлар Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалдау әлеуетін
көтеруге нақтылы мүмкіндік тудырады, транзитті жүк тасымалының ұлғаюына жағдай
жасайды және контейнерлі жүк тасымалының жалпы жүк ағымындағы үлесін
жоғарылатуға әсерін тигізеді.