Page 81 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

81
Ал, Қазақстандағы контейнерлі жүк тасымалы нарығының қалыптасуы «Қазақстан темір
жолы Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның жеке құрылымы «Казтранссервис» АҚ-мен
байланысты. «Казтранссервис» АҚ-ның бүгінгі күнгі ірі халықаралық мультимодальды
компаниялармен серіктес болып отыр. Олардың ішінде: «Совфрахт» ААҚ (Ресей), ҚХР
контейнерлі тасымалдау орталығы, «Intercontainer-Interfrigo» (Швейцария) және т.б.
Сонымен қатар, отандық металл өнеркәсібіндегі бірқатар ірі компаниялар
«Казтранссервис» АҚ қызметін пайдаланады.
Қазіргі күні «Казтранссервис» АҚ халықаралық Сапа менеджментінің ISO 9001:2000
сертификатын иемденген Орталық Азиядағы бірден бір теміржол мекемесі болып
саналады.
Осы жағдайды ескеретін болсақ, Қазақстаңдық контейнерлік жүк тасымалдау жағдайы
тіпті жоқтың қасы. Себебі, халықаралық стандартқа сәйкес жүктің барлық түрін
контейнерлеу инфрақұрылымы елімізде шетелдермен салыстырғанда дамымаған.
Отандық контейнерлік тасымалдау нарығының жағдайын келесідей сипаттауға болады:
1. Отандық контейнер құрылысына бірыңғай мемлекеттік саясаттың жоқтығы;
2. Отандық қалыптасқан контейнер нарығының ауқымының төмендігі;
3. Қазақстанда контейнерлерге кешенді техникалық қызмет жасайтын қазіргі заманға сай
базалармен қамтылмаған;
4. Контейнерлерді өңдейтін тасымалдайтын, және қоймаға қоятын заманға сай техникалық
жабдықтардың жоқтығы;
5. Контейнер нарығы туралы техникалық ақпараттардың аздығы;
6. Контейнер жөнінде маман дайындау шараларының жоқтығы;
7. Қазақстанда контейнер нарығы жөнінде үгіт - насихат саясатының төмендігі;
Еліміздегі контейнерлі жүк тасымалының қазіргі күнін қарастыра келе, оның даму
болашағын келесідей сипат алу қажеттілігімен қарастырайық.
Алдыңғы II тарауда көрсетілгендей, Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының
тарифі ШҰАР - Германия және Қытай - Қазақстан - Ресей бағыттарындағы шығындардан
1,6 есеге жоғары екендігін ескерсек, Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының
тарифі бәсекеге қабілеттілігінің төмен екендігін көреміз.
Ақтау порты арқылы контейнерлердің транзиттік жүк тасқынын тартуға барлық
алғышарттар бар. «Қазақстан темір жолы» ТРАСЕКА көліктік дәлізі бойынша Достық
станциясы-Ақтау порты учаскесінде және Ресейдің транзиттік металл өнімдерін Ақтау
порты арқылы төмендетілген коэффициент мөлшерін мемлекетаралық келісім бойынша
шешу қажет.