80
арнайы экономикалық аймағында орналасқан - Шекоу, Янтьян,Чиван,Квай Чунг.Даған
Вэй порттарында шоғырланған. Қытайдың сыртқы сауда айналымындағы 4,6 млн.
контейнер Оңтүстік Кореяның порттары арқылы тиеледі.
Контейнер құрылысының келісім шарттары жеткізіп берудің «франко-зауыт» базистік
шартына сәйкес Қытайда жүзеге асырылады. Осыған байланысты Қытайдың экспорттық
жүктерін тиеу кезінде тапсырыс беруші осы келісім шартпен жұмыс істейді.
Жаңа контейнерлерге сұраныстың өсуі, оның бағасының қымбаттауына әсерін тигізеді.
Мысалы, 2003 жылдың соңында 20 пұттық контейнердің бағасы 1350 АҚШ доллар құраса,
2004 жылы 2000 АҚШ долларына дейін өскен. Контейнер құрылысының мамандары
бағаның өсуін Оңтүстік Корея мен Ресейден келетін шикізат құнының 50%-ға
қымбаттауымен байланыстырып отыр.
Контейнерлерге тапсырыс берушілер бір жағынан. көліктік құралдар мен терминалдарды
пайдаланушылар болса, екінші жағынан лизингтік компаниялар болып табылады.
2004 жылы теңіздегі контейнерлі жүк тасымалының көлемі дүние жүзі бойынша 20
пұттық шамамен алғанда 35 млрд. құраған. Контейнерлі паркті пайдалану кезінде
контейнерлі жүк тасқынының тепе теңсіздігі байқалады. Ол өнімсіздік шығындардың
туындауымен байланысты болып отыр. 2002 жылы 20 пұттық шамамен алғанда 6,8 млн.
контейнерді пайдалану кезінде бос контейнерлерді жөнелту кезінде 10,7 млрд. АҚШ
доллары жұмсалынған, соның ішінде теңіз арқылы 3 млрд. АҚШ доллары, терминалда
сақтауға кеткен шығын -3,7 млрд. АҚШ долларын құраған.
Әлемдік контейнерлік тасымалдау нарығының үрдісін талдау негізінде контейнерлік
тасымалдау әлемдік тәжірибеге сәйкес арнайы бағытталған протекционистік саясатты
қажет етеді. Ол Ұлттық кеме шаруашылығы үшін ұлттық порттарда жүк квоталарын
тікелей реттеу, соның ішінде салықтық жеңілдіктер секілді әр түрлі қорғаныс шараларын
көздейді. Әлемде теңіздегі контейнерлі тасымалдауда ғылыми-техникалық прогресте
қолданатын технологиялар пайдаланылады. Отандық контейнер тасушылар алдында осы
секілді технологияларды енгізу маңызды мәселе болып табылады.
Мәселен, өтпелі экономика жағдайында Ресей теңіз тасымалын контейнерлеу қарқыны
бәсеңдігі байқалды. Егер 1990 жылы бұрынғы Кеңес Одағы порттарының контейнерлік
жүк айналымы дүние жүзі бойынша 29 орында болды, ал 1995 жылы барлық көлік түрлері
бойынша контейнерлі жүк айналымы 25 млн. тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш 1990 жылмен
салыстырғанда 4 есе кем.
Қазіргі кезде Ресейдің контейнерлі тасымалдау көлемінің төмендеу үрдісінің Қиыр
Шығыстың порттары арқылы ағылып жатқан Қытайдың тауарлары есебінен тасымалдау
көлемі 9,5%-дан 11%-ғадейін өскендігі байқалады.
Ресейдің контейнерлі тасымалдау нарығының өсу үрдісі жағдайында орта мерзімді
кезеңде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін жүк ағымының бағыты, басқа да
баламалы
бағыттармен
тасымалдануына
өзгеруі
мүмкін.
Мәселен,
«РосБизнесКонсалтинг» бағалау мәліметіне сәйкес 2008 жылы Ресей Федерациясына
Қытайдан контейнерлі тасымалдаудың жүк ағымы шамамен үш есеге ұлғаюын көрсетіп
отыр, ал жыл сайынғы өсу қарқыны 30%-ды құрауы ықтимал. Бұл көрсеткіш Қытайдан
Ресейге келетін импорттың болжамды өсу қарқынымен сәйкес келіп отыр.