Page 79 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

79
Халықаралық көлік қызметінің нарығын талдау барысында контейнерлік тасымал
дамуының үрдісіне келесі жағдайларды жатқызуға болады:
− жүктерді контейнерлендіру технологиясы мен контейнерлік тасымал нарығының дамуы;
Қазіргі таңда әлемде жүктерді контейнерлендіру үлесі 55% немесе жүктер тасқынының
басым көпшілігі контейнерлермен тасымалданады;
− контейнер өңдеу бойынша порт инфрақұрылымының даму үрдісі;
− контейнермен тасымалдау нарығындағы бәсекелестіктің дамуы, яғни дүниежүзіндегі
бірнеше орталықтардағы контейнерлерді өңдеу бойынша қызметтердің шоғырлану
деңгейі бәсекелестік факторын туындатып отыр. Мәселен, 2002 жылғы мәліметтер
бойынша 220 млн. TEU контейнерлер көлемі дамыған үш мемлекеттің орталықтарында:
Солтүстік Америкада 16,6%, Азияда 47,7%, Европада 25,5% контейнерлі жүктер өңделген.
Контейнер өңдеу бойынша 18 порт көшбасшы болып отыр, оның ішіне кіретін қиыр
шығыстағы 7 Азия порттары, Еуропаның солтүстік-батысындағы ірі 4 порт. Қатаң
бәсекелестік жағдайдың туындауы себебінен Европа - Қиыр Шығыс бағытында кейбір
жағдайларда фрахталық ставкалар тасымалдаудың өзіндік құнынан төмен болған.
− контейнерлі тасымалдау нарығында шоғырланған қауымдастықтардың қалыптасуы,
кеме шаруашылығы компанияларының бірігуі, көптеген қызмет түрлерін ұсынатын
контейнерлер терминалында меншік үлесін иемденген көлік-логистикалық топтардың
құрылуы;
− арнайы контейнерлер құрылысының ұлғаюы.
Соңғы жылдары әлемде контейнер құрылысы қарқынды дамып келе жатыр. Мәселен.
1996 жылы дүние жүзі бойынша 20 пұттық 1,6 млн. контейнер жасалынып шығарылса,
2004 жылы әр түрлі арнайы контейнерлер саны 2,5 млн. құраған. Жалпы шығарылған
контейнерлердің 80%-ы Қытайдың үлесіне тиесілі, оның басым көпшілігі келесі ірі
компанияларда СІМС, Singamas, KSCF,SSPC және SACI. Zhenk.ua Port Mashi nary Шанхай
зауыты әлемдегі контейнер шығаратын алдыңғы қатарлы зауыт болып саналады, сонымен
қатар контейнерлерден басқа, үлкен қуатты порттехникаларын шығарады. Ал, контейнер
құрылысының қалған үлесі келесі мемлекеттердегі мекемелерге тиесілі: Батыс және
шығыс Еуропа, Оңтүстік Корея, Индонезия, Оңтүстік африка мемлекеті. Ресейде
контейнер құрылысымен 1976 жылдан бері айналысатын Абақан зауыты, кішігірім
өндірістік қуаты бар кәсіпорындар Санкт Петербургте және Украинадағы - Ильичевскте.
Қытайда контейнер құрылысының шоғырлануы жалпы бәсекелестік жағдайдан туындап
отыр. Осы бәсекеге байланысты сұраныстың көптігінен контейнерлер санының
тапшылығы байқалады, осының әсерінен Батыс Еуропаның және АКШ-тың Батыс және
Шығыс жағалауларындағы бос контейнерлерді Қытайға жіберуге мәжбүр болып отыр.
2004 жылы мамыр айында шыққан «Containerization Interna tional» журналында берілген
мәліметке сәйкес, 2003 жылы контейнер айналымы тек қана Оңтүстік Қытай мен Гонконг
порттары арқылы 2002 жылмен салыстырғанда 30,8 млн. пұтты құрап, 16%-ға өскен. Осы
порттарда жөнелтілген контейнерлі жүктердің экспорттық және импорттық ара қатынасы
үлкен және Тынық мұхит бағытына 3,5: 1,61% артылған жүк Гонконг порты арқылы өтеді.
Контейнер құрылысының қалған бөлігі Сицзян өзеніндегі Шенжень континентальді