Page 7 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

7
мүмкіндіктердің орын алуын сипаттайды. Ал, «потенция» ұғымы материалды игіліктер
мен қызметтерді құруға және ресурстарды пайдалануға жеке қызметкердің, ұйымның,
қоғамның нақтылы ұдайы өндіріс жағдайын ескермейтін теориялық қабілеттіліктерін
бейнелейді. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті нақтылы ресурстық шектеулерді, еңбек және
өндірістік ресурстардың тепе-теңдігін ескеру арқылы материалды игіліктердің барынша
үлкен көлемін құруға шынайы, нақтылы қабілеттіліктерді сипаттайды.
Ал, Макмилланның қазіргі заманғы экономикалық теория сөздігінде, «өндірістің әлеуетті
көлемі» - бұл өндіріс факторларының қамтамасыз етілуімен анықтауға келетін фирманың,
өнеркәсіп саласының, барлық экономика салалары өндірісінің барынша мүмкін көлемі.
Яғни даму параметрлерінің перспективалы мүмкіндіктерін сипаттау кезінде әлеуетті
мүмкіндік, әлеуетті деңгей ұғымдарын қолдануға болатынын ортаға салғымыз келіп отыр.
Осы орайда экономикалық әлеуеттің мазмұнындағы субъективті және объективті
құрамдарын қарастыруға болады. Объективті: өндіріске қатысы бар және белгілі бір
себептермен қатысы жоқ, сонымен қатар қатысуға нақтылы мүмкіндігі бар еңбек,
материалды, материалды емес, табиғи ресурстардың жиынтығы; субъективті: материалды
игіліктер мен қызметтердің барынша үлкен көлемін құруға және ресурстарды пайдалануға
қызметкерлердің, коллективтің қабілеттіліктері және қолда бар ресурстарды тиімді
пайдалануға кәсіпорынның, ұйымның, саланың, барлық шаруашылық жүйенің
қабілеттіліктері.
Демек, экономикалық әлеует аталған құрамдас бөлігімен жіктелуі өз алдына бұл
терминнің, яғни экономикалық әлеуетті бағалау үшін қолданатын көрсеткіштердің орын
алатыны сөзсіз. Бұл көрсеткіштер келесідей жіктелуі мүмкін:
− халықтың саны;
− еңбек ресурстарының саны;
− негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;
− жалпы қоғамдық өнім және ұлттық табыс;
− минералды, шикізат, су, энергетикалық және басқа да ресурстардың көлемі;
− өндіргіш күштердің көлемі;
− өнеркәсіп өнімінің шыққан көлемі;
− ауылшаруашылық өндірісінің көлемі;
− көлік торабтарының даму көрсеткіштері.
«Экономикалық әлеует» терминнің мәні мен құрылымына байланысты әр түрлі
көзқарастардың пайда болуы орын алып отыр. Нақтылы бір анықтамаға сәйкес белгілі бір
зерттеушінің көзқарасын ұстау қиын. Себебі, жоғары келтірген зерттеушілер әр түрлі
анықтаманы әр қилы қырмен, астармен қарастырады. Мәселен, Б.М. Мочалов
экономикалық әлеуеттің бірнеше анықтамасын беріп, төмендегідей қарастырады: