Page 78 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

78
талабына сәйкес тапсырысты қанағаттандыруға мүмкіндігі бар тасымалдау түрі болып
табылады.
Сонымен қатар контейнерлі жүк тасымалы жүктерді мультимодальды көзқараспен
қарағанда тасымалдаудың әмбебап түріне жатады. Мультимодальды тасымалдау кезінде
контейнердегі жүкті теміржол бойынша тасымалдауға, содан кейін контейнерлерді теңіз
портына жеткізуге және жеткен орнынан авто-теміржолдармен үзіліссіз қозғалысты
қамтамасыз ете алады.
Осы артықшылықтарды ескеретін болсақ, арнайы тиеп/түсіру терминалдарында
контейнерлік жүк тасымалдауды әр түрлі көліктерде қолданудың артықшылығы болып
отырғандығы белгілі. Демек, контейнерлі жүк тасымалын ұйымдастыру көптеген
мемлекеттерде ұлттық бағдарламалардың деңгейіне көтеріліп отыр. Мәселен, Ресейде
контейнермен жүкті тасымалдау көлемі шамамен 1%-ды құрап отырса, дамыған
мемлекеттерде бұл көрсеткіш 15%-дан 40% аралығын көрсетіп отыр.
Кеме иеленуші компаниялардың «ауқымды факторды ескеріп үнемдеу» принципін
ұстанып ірі контейнер тасушы кемелер құрылысын дамытуға бел байлап отыр. Бұл өз
алдына теңіз порттары мен теңіз жүк тасымалының операторларының алдында тұрған
жаңа проблеманың туындауына әкеліп соғады.
Бұл үрдісті ескеретін болсақ, алдағы 20 жыл шамасында теңіз жолдарында 15000-18000
TEU сыйымдылығы бар контейнер тасушы кемелер пайда болуы мүмкін. Демек, заманға
сай аталған кеме құрылысының болатыны күмән тудырмайды. Осыған сәйкес қажетті
порттар мен терминалдардың контейнер жүгін өңдейтін жоғары денгейдегі
инфрақұрылымы болуы қажет.
Порт қуаттылығын құру, оның ішінде қажетті мөлшердегі айлақ, ірі жүк көлемін
көтеретін крандар орналастыру, тереңге бойлаған кеме жүрісіне ыңғайластырылған
фарватер құру үшін жағалаудағы тереңдету жұмыстарын алдын ала немесе мерзімінен
бұрын басталуы қажет.
IBM Business Consulting Services есебі бойынша теңіз контейнерлі тасымал қызметі
нарығындағы пайда мөлшері ұлғайып, жылына бұл нарықтың өсімі 8-10% құраған.
Дегенмен, салалық инфрақұрылым бұл нарықтың дамуына тосқауыл болып отыр және
жалпы шығындарды қысқарту мен көрсетілетін қызметтің сенімділігін арттырумен
байланысты тапсырыс берушілердің талабын орындауға қиындық туғызып жатыр. Теңіз
контейнерлік тасымалдау нарығындағы келешектегі мәселе UPS, TNT және DHL секілді
үздік тасымалдаушы компаниялар тарапынан бәсекелестік жағдайдың туындауы болып
отыр. Бұл компаниялар жүк жөнелтушілердің талабын жүйелі түрде сапалы қызмет атқару
сервисімен қамтамасыз ете алады.
Келешекте өнеркәсіп салаларының даму үрдісін ескеретін болсақ. контейнерлі жүк
тасымалына қойылатын талаптың күшейетініне сенім бар. Себебі, тапсырыс беруші
тарапынан қойылатын талап көрсетілетін қызметтің сапалы, сенімді және жүк тасымалдау
мерзімінің қысқа сипатталуымен ерекшеленеді.
Контейнерлі тасымалдау нарығының қысқа мерзімдегі негізгі мәселесі порттардағы өңдеу
қуаттылықтарының жетіспеушілігі. Сонымен қатар контейнерлі жүк тасқынының өсімі
300 млн. TEU көлемінде ұлғайатыны көзделіп отыр.