Page 73 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

73
мен темір жол көлігі үшін паромдар және де келешегі зор теңіздік контейнерлік
тасымалдаулар.
Теңіз бойынша мұнай экспорттау, көмірсутегін өндіруге, оның ішкі тұтынудағы
көлемінінің өсуіне және құбырлар бойынша экспорттауға тікелей тәуелді болады.
Сарапшылардың пікірінше, 2015 жылдан кейін мұнай экспортының өсу қарқынының
төмендеуі ықтимал, өйткені Қазақстан кенорындарында мұнай өндіру өзінің шегіне
жетеді. Қазақстаннан мұнай экспорттау құбырлар, теңіз немесе темір жол көлігі бойынша
жүргізілуі мүмкін.
Құрғақ және құйылатын жүктерді Ақтау теңіз порты арқылы тасымалдау және экспорттау,
Әлемдік Банк өкілдерінің пікірінше, Қазақстан темір жол торабтарын оңтайландырудан
кейін, айтарлықтай өседі, өйткені, жүктерді Ақтауға дейін жеткізуге тасымалдау
шығындары едәуір төмендейді.
Қазақстан Республикасының жүк түрлерін экспорттаудағы маңызды мәселе болып
табылатын астық немесе бидай нарығы. Осы орайда астық экспортының Ақтау порты
арқылы ұйымдастыру шаралары қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Э. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
туралы жолдауында елдің ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттары анықталған,
оның ішінде - әлемдік шаруашылық жүйесіндегі Қазақстандық «орнын» іздеу, басып алу
және құру . Берілген бағыт аясында бағыттарды кеңейту бойынша міндеттер қойылған,
онда Қазақстан қазірдің өзінде өзінің жетістіктерін қолдана алады. Мұнда, басты назарды
Ресей, Қытай, Орталық Азия, Каспий және Қаратеңіз аймақтарының нарықтарына аудару
керек. Сонымен қатар, ел Президенті жыл сайынғы астық экспорттау көлемін ұлғайту
және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы елдердің бестігіне кіру міндетін қойды.
Бұл тапсырмаларды шешу үшін Каспий, Қара теңіз жағалауындағы және оларға жақын
жатқан елдердің нарықтары стратегиялық маңызды.
Қазіргі уақытта экспорттың басты проблемалары үлкен транспорттық шығындармен
байланысты болатын Қазақстандық астық бағасының бәсекеге қабілетсіздігі болып
табылады. Қазақстандық астықтың позициясын күшейту үшін транспорттық шығындарды
азайту бойынша шараларды қабылдау керек.
Бүгінгі таңда Қазақстандық астықты Қара теңіз, одан ары Солтүстік Африка және ЕО
елдеріне дейін жеткізу үшін 2 маршрут бар:
Біріншісі, Ресей Федерациясының территориясы арқылы темір жол көлігі көмегімен
Самур шекаралық станциясына дейін жеткізу. Бірақ, бұл жеткізу каналы тиімсіз болып
табылады. өйткені Ресей Федерациясының тарифтік саясатының жыл сайын өзгеріп
отыруына тәуелді болатын Ресей территориясы бойынша транзитке үлкен транспорттық
шығындар кетеді. Осылайша, 2007 жылдың 1 қаңтарынан РФ территориясы бойынша
транзиттік тариф базалық ставкадан 12% көтерілді;
FOB шарттарына сай Ресей темір жолы бойынша Азовқа дейін астықты темір жол
көлігімен жеткізу тоннасына 62 АҚШ долларын құрайды, Поти портына дейін
тасымалдауға қарағанда шамамен 10 АҚШ долларына арзан екендігін ескерсек. соңғы