72
5.«Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі келісіміндегі, соның ішінде біріңғай тасымалдау құжатын
пайдалану бойынша Қазақстанға қатысты нақтылы пайдаланатын қаулыға сәйкес
актілерге қол қою.
6. Ақтау порты базасында көліктік-логистикалық орталықты құру. ортақ жеңілдетілген
тариф ұсыну есебіне көлік шығынын төмендету арқылы интермодальды оператор
қызметінің принципі бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
7. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Никель-Тау - Манғышлақ учаскілерінде жүкті теміржол
көлігімен тасымалдауға төмендетілген коэффициент беру.
8.Ақтау портында ресейлік металл өнімдерінің транзиттік көлемін тегін сақтау мерзімін
90 күнге дейін ұзарту.
9. «Каскор-Транссервис» АҚ жүк тасымалдау тарифін «Қазақстан темір жолы ҮК» АҚ-
ның жүк тасымалдау тарифіне сәйкес үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарын мемлекет
тарапынан реттеу қажет.
Нарық конъюнктурасына сәйкес қолайлы тарифтік режим құру кезінде келесі әлеуетті жүк
тасқындарын тартуға болады: каустикалық сода, мыс, мырыш, қорғасын, көмір және
басқалар.
Қарастырылып отырған нарықтық сегментінде, экономикалық факторлардың әсері мен
Ақтау портының өзара қарым-қатынас ерекшелігін ескере отырып, порт келесі
позицияларды ұстанады:
Трейдингтік компанияларға қатысты - жүктерді үздіксіз және сапалы өңдеуді қамтамасыз
ететін тұрақты кәсіпорынның позициясы;
Экспедиторларға қатысты - өзара тиімді әріптестік позициясы;
Мемлекеттік реттеу органдарына қатысты - Қазақстанның Каспийге деген стратегиялық
мүддесін қамтамасыз ету позициясы.
Каспий бассейніндегі порттық қызмет нарығында қалыптасқан жағдай, көрші елдер
порттарының белсенді дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және
Каспийдегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық
бағдарламалардың бар екендігін көрсетеді.
Каспий жағалауындағы елдердің порттық инфрақұрылымының дамуы жеке өзінің
экспорттық жүктерін тасымалдау бойынша қажеттіліктерді жабу мақсатында жүзеге
асырылады.
Осылайша, біздің пікірімізше, Каспий теңізі бойынша тасымалдауға алғашқы сұраныс
Қазақстанның импортты-экспортты тасымалдау қажеттіліктеріне сәйкес болу керек.
Сонымен қатар, транзиттік тасымалдауларға екінші деңгейлі сұраныс бар, сондай-ақ басқа
елдер арасында тасымалдауды жүргізу бойынша үшінші жаққа (және қосылған құн алу
мүмкіндігі) қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Теңіздік тасымалдаудың Каспийлік нарығында
үш басты сегмент бар: кемелерді толық жүктеу арқылы тасымалданатын мұнай, құрғақ
жүктер(астық және металл), кіші көлемді жүктерді тұрақты түрде тасымалдау, автомобиль