Page 74 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

74
маршруттың жоғарыда көрсетілген артықшылықтары Қазақстандық экспортерлер үшін
қолайлырақ болады.
Одан басқа, келесілерді атап өту керек: Теңіз кемелері Азов портынан Керчен бұғазы
арқылы Қара теңізге түседі, оған қоса берілген маршрут 3-5 мың тонна жүк салмағы бар
кемелерді өткізуге мүмкіндік береді. Сол уақытта, Поти порты арқылы 30 мың тонна жүк
салмағы бар кемелерді өткізуге болады, ол өз кезегінде негізгі импортерлерге дейін фрахт
мөлшерін айтарлықтай азайтады. Берілген фрахт сондай-ақ Поти порты арқылы экспорт
бағытын дамыту және қосымша мүмкіндіктер мен Қазақстандық астықты экспорттау үшін
жарқын келешек беретін, диірменді кешенде жаңа астық терминал құрылысын салып
бітіру қажеттілігін дәлелдейді.
Берілген маршруттың жоғарыда көрсетілген тиімділігін назарға ала отырып, сондай-ақ
өткізу нарығын кеңейту мақсатында, Корпорация сыртқы сауда инфрақұрылымын
қалыптастыруға кірісті. Қазіргі уақытта, Иран және Кавказ елдеріне астық жеткізуді
ұлғайту үшін Ақтау теңіз терминалында қайта жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Баку
портында астық терминалы салынды. Сол жерде осы жылы диірмен комбинаты
пайдалануға беріледі. Соған ұқсас кешендерді құру Поти және Ирандағы Амирабад
портында жоспарланып отыр. Бұл келешекте астық экспортын 1 млн. Тоннаға дейін
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Поти портындағы астық терминалы кешенінің құрылысын және жандандыруын «Ақ
Бидай Терминал» АҚ қатысуымен 50% мөлшерде қаржыландыру жоспарланып отыр.
Терминалдың жылдық өткізу қуаттылығы 350 мың тоннаға дейін, 24 мың тонна астықты
бір уақытта сақтау мүмкіндігі бар және қуаттылығы тәулігіне 500 тонна болатын диірмен
бар элеваторды қоса алғанда. Жобаны жүзеге асыруды қаржыландыру бюджет қаражаты
есебінен 50% және грузиндік серіктестер қаражаты есебінен 50% қамтамасыз ету көзделіп
отыр. Жобаның жалпы құны 2 160 млн. теңге. Қазіргі уақытта «Потий диірмен
комбинаты» АҚ және «Поти астық терминалы» ЖШС бірлескен кәсіпорындары құрылды.
1 080 млн. теңге мөлшердегі бюджеттік қаражаттарды 2008 жылы жабдықтарды жеткізу
келісім-шарты бойынша алдын-ала төлеуді жүзеге асыру және құрылыстық-монтаж
жұмыстарын оның жалпы құнынан 50% кем емес сомада жүргізу мақсатында толық
көлемде алу керек.
Жобаны жүзеге асыру, алдағы жылдары астыққа бағаның өзгеруіне қарамастан, жыл
сайын Грузияға-40 мың тонна, Түркияға-25 мың тонна, сондай-ақ ЕО елдеріне, Солтүстік
Африка елдеріне шамамен 100 мың тонна астықты тұрақты түрде экспорттауға мүмкіндік
береді. Оған қоса, Поти портындағы диірмендік кешен жыл сайын Грузия нарығы үшін
шамамен 70 мың тонна ассортименттегі астық өңдеуден шыққан жоғары сапалы өнімдерді
өндіреді.
Ақтау порты арқылы экспорттау кезінде Қазақстандық астықтың экспорттық бағасының
көліктік бөлігінің 50% кем емес бөлігі қазақстандық резиденттерде қалады, ол өз кезегінде
мемлекетке қосымша қаражаттар алуға мүмкіндік береді (қазіргі уақытта темір жол
бойынша Каспий аймағы және Кавказ елдеріне экспорттау кезінде экспорттық бағаның
90% дейін тасымалдау құрылымы транзиттік елдер тасымалдаушыларына тиеді). Оған
қоса, бұл жағдайда жаңа темір жол торабы «Алтынсарин-Хромтау» жүктеледі, ол өзін-өзі
өтеуге себепкер болады.