Page 71 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

71
Жіктелу аясында тартылатын жүк тасқыны, ТРАСЕКА, «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздері
бойынша тасымалдау маршрутына бағытталуы мүмкін, сондай-ақ Қара және Жерорта
теңіздері порттарына шығу мүмкіндігімен Волго-Донский каналдар жүйесі арқылы
тасымалдау маршрутына бағытталуы ықтимал.
Келешегі зор қуаттылықтарды жүктеу бойынша шараларды уақытынан ерте қабылдау
керектігін ескере келе, маңызды факторлардың бірі Ақтау портына жүк тасқынын тарту
жөніндегі мәселеге мемлекет тарапынан қолдау көрсету болып табылады.
Осыған орай, теміржол көліктерінде, теңіз порттарында және теңізбен тасымалдауда
қолданылатын жеңілдіктерді ескере отырып, тартымды тариф тәртібін әзірлеу қажет.
Қолданыстағы порт инфрақұрылымын жаңарту және жаңа порт инфрақұрылымын салу
көлік секторын дамытудың соның ішінде теңізбен тасымалдауларды дамытудың маңызды
элементі болып табылады. Ақтау порты базасында көліктік логистикалық орталықты салу
бойынша жобаны іске асыру экспорттық - импорттық бағытта жұмыстардың келісуін
көтеріп, транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тартуға мүмкіндік береді. Орталықтың
мәселелерінің ішінде логистикалық тізбектерді ұйымдастыруды, жүкті жеткізуге
тапсырыскерлермен кешенді келісімшарттар соның ішінде көліктік емес логистикалық
операцияларды (кедендік тазалау және т.б) жасауды, логистикалық тізбектің шетелдік
қатысушыларымен шетелдік теміржолдарымен ақпараттық қарым-қатынасты қамтамасыз
етуді, нарықты маркетингтік зерттеуді атауға болады. Одан басқа көліктік және онымен
байланысты қызметтердің жария түрдегі ұсыныстарын, сәйкес тарифтерді ұсынуды
қарастыратын, жүк жөнелтушілермен жүк алушылар туралы мәліметтерінің біріккен
базасын құрумен және интернет платформаны (электрондық биржа) қалыптастыратын
ақпараттық-талдау орталығын салу қажет.
Еуропалық Одақ жобаларының жоспарында мультимодалды операторларды құрудың
халықаралық тәжірибесін ескере отырып көлік логистикалық орталықты салудың
кластерлік бастамасын іске асыруға ұсынылады. Осындай жобаларды жасау және
пайдалану бойынша тәжірибе Балтық теңізінің алаптарында қарқынды пайдаланады.
Ақтау портына әлеуетті бағытталған жүктасқынын ынталандыру бойынша маңызды
шаралар болып:
1. Шекаралас елдердің уәкілетті органдарымен «Солтүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА
дәліздері бойынша бірегей ортақ ставка әзірлеу және келісу.
2. Табиғи монополияларды реттеу Агенттігімен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ.
Ақтау порты арқылы экспорттық және транзиттік құрғақ жүктерді тасымалдауға темір
жолдық тарифтерді оңтайландыру мәселесін келісу.
3. Ақтау портының мемлекеттік органдармен, төмендетілген коэффициент механизімін
қарастыру арқылы тасымалданатын жүк тарифтерін реттеу.
4. Иран портында доңғалақ ауыстыратын пункт құрылысымен, Ақтау-Амирабад теміржол
паромын құру мәселесін үкіметаралық комиссияға шығару.