Page 70 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

70
саналады, мұны тиімді іске асыру сарапшылардың пікірлері бойынша тасымалдардың
көлемін 30 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше бұл модель
тасымал процессіне барлық қатысушылардың арасындағы келісімді, Каспий электрондық
биржасының келесі кезеңінде талдамалық орталық құруды қамтиды, бұл осы
қызметтердің мөлдірлігі мен қол жетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Келешекте порт арқылы тасымалдауға жоспарланған өнеркәсіптік жабдықтардың
номенклатурасы, Каспий шельфінің мұнай кен орындарына, сондай-ақ Батыс
Қазақстанның ірі мұнай компанияларының мұқтаждықтарына тасымалданатын көлемі аз,
салмағы төмен жүктен тұрады деп болжануда. Теңіз ірі кен орындарында екінші кезеңдегі
зауыттың құрылысы, және жоспарланып отырған үшінші кезеңдегі зауыттың құрылысы,
сондай-ақ «Аджип КСО» компаниясы мұнай жеткізуді және басқа да көлемі аз, салмағы
жеңіл жабдықтарды жеткізуді ұлғайтуы осы жүк түрінің порт арқылы тасымалдау көлемін
айтарлықтай көбейтеді.
Қытай және Қазақстан кең көліктік коммуникациялық желісін иемдене отырып
халықаралық транзиттік тасымалдау нарығында іс-әрекетті жандандыру үшін барлық
мүмкіншіліктері бар. Өз кезегінде транзиттік тасымалдау саласын дамытудың
маңыздылығы елге валюталық түсімдердің жоғары ауқымдылығымен негізделген.
Сарапшылардың бағалауы бойынша тек қана Қазақстан аумағы арқылы транзиттік
тасымалдаудан түсетін мүмкін кірістің перспективалық көлемі шамамен жылына 1,5-2
млрд АҚШ долларымен бағаланады. Толықтай алғанда транзиттік тасымалдауды іске
асырудан түсетін ауқымды кірістер ұлттық көлік кешенін дамытуды ынталандыруға
алғышарттарды жасайды.
Қазақстанның, Қытай және басқа да Азия елдерінің қатысуымен, Ақтау порты арқылы
өтетін маршруттың қарқынды дамуы аясында, маршрутты бірнеше тараптар арқылы
жүктеу тиімдірек болады: Үрімші-Достық-Ақтау порты-Баку порты-Кавказ елдері, Шығыс
және Батыс Еуропа елдері.
Кавказ елдері мен Қара теңіз бассейнінде өндірістің өсуі және тұтыну өнімдерін белгілі
бір көлемде өткізу, Ақтау порты арқылы өнім тасымалдау өсімін ұлғайтуға әсерін тигізеді.
Алдын ала есептеулер бойынша, берілген маршрутта болжанып отырған тасымалдау
өсімі, жылына 1,5 млн. тоннаға дейін жетуі мүмкін.
Өнім транзиті көлемін ұлғайтуды тежеп тұратын қолайсыз факторларды атап өту керек.
Олар: көлік шығындарының қымбатшылығы, бірнеше шекаралық аймақта және көлік
жүктелімі жүйесінің күрделі тармақталуы, бірыңғай көлік құжатының жоқтығы.
Болат жүк тасымалы мен Ақтау порты арқылы өтетін нақтылы жүк тасқынына мұқтаж
Иранның тұрақсыз жағдайын және осыған сәйкес порттың тәуелділігін назарға алсақ,
теңіз тасымалы бағытында альтернативті жағдайлардың құрылуы мен жүк тасқынының
көп тармақтылығы жөніндегі шаралардың маңыздылығын баса ескеру керек.
Аталған бағыттардағы мүмкін болатын қатерлерді ескере келе металл өнімдерін
тасымалдау келешегі, белгілі бір көлемдегі болат жүк тасқынын Ақтау-Баку-Поти
маршруты арқылы тасымалдауды пайдалану мүмкіндігімен, сондай-ақ ҚХР бағытында
болаттың негізгі көлемін тасымалдау бағытының өзгеруі тәуекелдігімен сипатталынып
отыр.