6
3. Экономикалық әлеует-шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық және
өндірістік қатынастардың нәтижесі ретінде.
А.И. Самоукиннің пікірінше, экономикалық әлеует терминін материалды игілік пен
қызметтерді құруға бағытталған өзіне тән ерекшелігі бар әр қоғамдық-экономикалық-
формацияны - жеке жұмыскерлердің, еңбек коллективтерінің, ұйымның, кәсіпорынның
басқару аппаратының және барлық халық шаруашылық салаларының арасындағы
қабілеттіліктерін толық пайдаланудан туындайтын өндірістік қатынастармен өзара
байланысы ретінде қарастыру қажет деп тұжырымдайды. Біздің ойымызша экономикалық
әлеуеттің маңызды сипаты қарастырылған, дегенмен экономикалық әлеует өндіргіш
күштерді тиімді орналастыру мен дамуына тәуелді процесс.
О.В. Козлованың «Социалистік өндірісті басқару» сөздігінде экономикалық потенциал -
өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың даму деңгейінен, еңбек және
өндірістік ресурстардың орын алуынан, шаруашылық механизмнің тиімділігінен тәуелді
экономикалық мүмкіндіктер деп анықтама берілген. Бұл анықтамада экономикалық
мүмкіндіктердің жіктелуі туралы түсінік жетіспейді.
Бұдан басқа экономикалық әлеуеттің деңгейін сипаттайтын авторлардың пікірі де әр түрлі
болып келеді. Кейбір авторлар экономикалық потенциалды қоғамдық өндіріс жүйесі
дамуының жеткен деңгейі ретінде қарастырады. Ал басқа зерттеушілер экономикалық
әлеует деңгейінің айырмашылықтарын келесідей бөледі:
− Жетілген әлеует − өндіргіш күштердің ұйымдастыру деңгейінен нақтылы жеткен
нәтижесі мен өндірістік аппараттардың әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану дәрежесі
негізінде құрылған негізгі қорлардың және салалардың жалпы өнімінің немесе қоғамдық
жалпы өнімнің жиынтығы;
− Перспективалы экономикалық әлеует - өндірістің ыңғайлы жағдайы мен ресурстарын
тиімді пайдалану арқылы қол жеткізуге мүмкін болатын материалды игіліктер мен
қызметтердің мүмкіндігінше максималды көлемін алдын ала анықтайтын шаруашылық
жүйенің барынша мүмкіндігін сипаттайды.
Аталған айырмашылықтар бойынша берілген пікірлер «потенция» және «потенциал»
ұғымдарымен пара-пар қарастырумен тең. Бұл терминдердің айырмашылықтары келесі
үш ерекшелігі бойынша сипатталатынын қарастырайық:
− «потенция» - анықталынбаған, толық ашылмаған, толық қалыптаспаған және мүмкіндігі
зат күйіне айналмаған сипатымен анықталынып отыр. Ал нақтылы мүмкіндікке айналуы
экономикалық қызмет үдерісінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан «потенциал»
ұғымы белгілі бір экономикалық қызмет үдерісінде шынайы, нақтылы, орын алатын,
қалыптасқан мүмкіндіктермен сипатталады және белгілі бір себептердің әсерінен шынайы
түрге айналмай жүзеге асуға дайын күйді бейнелейді;
− Бұл терминдердің жалпылама сипаты болып қолда бар мүмкіндіктерді жүзеге асыру,
яғни «потенциал» - қоғамдық өндіріске қазіргі кезде қолдануға жағдайы бар,
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға болатын, нақтыланған, зерттелген ресурстарды құрайды;
-«потенциал» ұғымын жеке қызметкерге, ұйымға, қоғамға қатысты қарастыратын болсақ,
алдыға қойған мақсатқа жету үшін қолда бар ресурстарды пайдалануға нақтылы