64
− мұнай және газ өндіру;
− іздеуші, құрылымды және пайдаланушы ұңғымаларын бұрғылау;
− мұнай және газ кен орындарын іздеу, зерттеу және пайдалану;
− мұнайды, газды және оларды қайта өңделген өнімдерін өткізу;
− іздеу, зерттеу мұнай, газ және қайта өндеу саласындағы жобалық-іздестіруші. құрылыс-
монтаждық, тәжірибелі-конструкторлық және басқа да жұмыстарды орындау.
«СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ Жаңажол, Кеңкияқ-надсолевой, Кеңкияқ-подсолевой кен
орындарын көмірсутегін өндіруге тиісті лицензиясы бар. Сонымен бірге, компания
лицензияны алып, Каспий маңы ойпатының Шығыс бөлігі орталық аймағында барлау
жұмыстарын бастады.
«Petro Kazakhstan Resources» мұнай өндіру компаниясы Қызылорда облысындағы-
Солтүстік және Оңтүстік Құмкөл, Майбұлақ, Арысқұм және басқа да кенорындарын
дайындайды.
Мұнайды ауыстырып тиеудің жалпы көлеміндегі компанияның үлесі 6,3 пайызды
құрайды.
Ауыстырып тиеудің анықталған көлемін мұнай кен орындарында өндірістік әзірлеуді
жүргізуші: «Maersk Oil Kazakhstan», «Нельсон Петролеум», «Толқынмұнайгаз», «Торғай
Петролеум», «South Oil», «Эмир Ойл», «ҚуатАмлонМұнай» сияқты әртүрлі мұнай
өндіруші компаниялардың жеткізуімен салынатын болады, мұнайды ауыстырып тиеудің
жалпы көлемінің жиынтықталған үлесі 6,4 пайызды құрайды.
Металл. «Кастинг» ЖШС - 1994 жылдан бері жұмыс істейді және екінші деңгейлі қара
және түсті металдарды қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын.
Компанияның құрамына: көлемі 100x100 мм, 125x125 мм 150x150 мм, 200x200 мм
тоқтаусыз құятын шаршы дайындықтарын, диаметрі 40,60,80,100 мм болат шарларын,
диаметрі 10-32 мм арматуралық илемдеу шығаратын болат құятын зауыт, МООК маркалы
мыс катогін қорыту зауыты, құрамында мыс бар құймаларды, тоқтаусыз құйылатын қола
пруткалар мен құбырларды шығаратын түсті металлдарды өңдейтін зауыт, машина
құрылыс өндірісі кіреді.
Компанияның металды ауыстырып тиеудің жалпы көлеміндегі үлесі 23 пайызды құрайды.
Кәсіпорындар:
1. коксохимиялық өндіріс, оның ішінде көмір дайындайтын цех, екі көмір байыту
фабрикалары, жылдық өндіріс көлемі 4,3 млн тонна кокс шығаратын 7 кокстық батарея,
химиялық цехтар;
2. агломерациялық өндіріс, оның ішінде жалпы өндірістігі жылына 9,6 млн тонна 2
агломерациялық және уатқыш-іріктеу фабрикалары;