65
3. домналық цех, оның ішінде 4 домналық пештер, 4 құятын машиналар, түйіршіктейтін
қондырғылар және қалдықты қайта өңдейтін кешен. Цехтың өндірістік қуаттылығы
жылына 5,1 млн тонна қайта жасалатын шойын.
4. конвертерлік цех, оның ішінде 3 оттегі конвертерлері. Цехтың өндірістік қуаттылығы
жылына 4,7 млн тонна болат.
5. мартеновск цехы, өндірістік қуаттылығы жылына 1100 мың тонна болат.
6. сықпа цехы, цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 5,4 млн тонна.
7. ыстықтай домалатылған орама және парақ болат шығаратын №1 парақ илемдеу цехы,
цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 4,7 млн тонна илемдеу.
8. салқындатып домалатылған орама және парақ болат шығаратын №2 парақ илемдеу
цехы, цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 1,1 млн тонна өнім.
9.парақты салқындатып домалатылған орама болат, қара қаңылтырды, ақ қаңылтырды
шығаратын №3 парақ илемдеу цехы, цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 750 мың
тонна өнім.
Компанияның ауыстырып тиеудегі жалпы көлемінің үлесі 53 пайыз.
Минералдық тыңайтқыштар. «Қазфосфат» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік
1999жылдың 27 қазанында құрылған, 2003 жылдың 10 шілдесінен бастап Серіктестіктің
қатысушылары «Energo Therm B.V.» және «Unter Therm B.V.» компаниялары болып
табылады. Серіктестікке келесі филиалдар кіреді:
− «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы;
− «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалы;
− «Қаратау» тау кен орнын қайта өңдеу кешені» филиалы;
− «Теміржол- көлік кешені» филиалы;
− «Химиялық зауыт» Степногорск филиалы;
− Шымкент филиалы (ЦСМС).
2004 жылдың желтоқсанында «Қазфосфат» ЖШС-ның «Шолақтау» тау кен орнын қайта
өңдеу Филиалы тіркелді.
Компанияның негізгі қызметтері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфор кенін
өңдеу және өндіру, сары фосфорды, фосфорлы минералды тыңайтқыштарды өндіру және
өткізу, минералдық шикізаттар негізінде өндірістік өнімдерді шығару болып табылады.
«Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының фосфорлық өндірісін ұсынады, ТМД
елдерінің аумағында құрамында фосфоры бар өнімді өндіру бойынша жетекші компания
болып келеді.