Page 63 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

63
орындарды геология, игеру және мұнай мен газ өндіру саласында маңызды мәселерді
шешу болып табылады.
Кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін бір мезгілде 3 мың
адам тұруға мүмкіншілігі бар вахталық кенттер салынды.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай компаниясы, географиялық факторға, күтіліп отырған
мұнай шығарудың көлемінің артуына, болашақтағы өтім нарығы және өз өнімін
жеткізудің арзан әдісіне байланысты бұл компания, 2008 жылы мұнай тасымалдау
бойынша негізгі табыскер болып қалады.
Компанияның ауыстырып тиеудің жалпы көлеміндегі үлесі 15,7 пайызды құрайды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ. Ол Ақтау қаласынан 230 км. қашықтықтағы Бозашы жартылай
аралында орналасқан Қаражанбас кен орынында ауыр мұнайды термиялық әдіспен
өндіруді жүзеге
асырады. Ауыр жабысқақ мұнайды өндіру термиялық әдіспен жүзеге
асырылады.
Жақын арада «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайды өндірудің тәуліктік көлемін 6000 тоннаға
дейін жеткізуді жоспарлауда.
«Қаражанбасмұнай» АҚ жеке үлгідегі кәсіпорын. Компанияның басым бағыттарының бірі
жағдайы төмен азаматтардың әл-ауқатын және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға
бағытталған жобаларды қолдау болып табылады.
Компанияның мұнайды ауыстырып тиеудегі жалпы көлемі 13,6 пайызды құрайды.
«Buzachi Operating Ltd.» - Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 250 км. қашықтықта
орналасқан Солтүстік Бозашы кен орнын игеретін қызмет көрсетуші компания. «Buzachi
Operating Ltd.» компаниясы ЛукОйл (50 пайыз) және CNPS (50 пайыз) компаниялары
атынан жұмыс істейді.
Солтүстік Бозашы кен орнындағы мұнайдың геологиялық қорлары - 207 466 мың тоннаны
құрайды. Кен орынды игеруді 1998 жылы Тексако американдық компаниясы бастаған.
2003 жылдың аяғында жоба жаңа серіктестермен сатып алынды.
Толық масштабты әзірлеу бағдарламасына сәйкес жыл сайынғы мұнайды өндіру 60
пайызға көбейтілді. Солтүстік Бозашы жобасында 400 астам Қазақстандық мамандар
жұмыс істейді.
Компания Маңғыстау облысының дамуына өз үлесін қосады. Ақтау порты арқылы
мұнайды ауыстырып тиеу 2000 жылы басталды. Компанияның мұнайды ауыстырып
тиеудің жалпы көлеміндегі үлесі 21 пайызды құрайды.
«CNPS» «АқтөбеМұнайГаз» АҚ - Қазақстан және Қытай арасындағы экономикалық
ынтымақтастық шеңберінде құрылған ірі бірлескен кәсіпорындардың бірі. АҚ Ақтөбе
облысындағы ірі инвесторлар, жұмыс берушілер және салық төлеушілердің санына кіреді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: