62
Осы инфрақұрылымдарға сәйкес жалпы еліміздің теңіз көлік әлеуетінің деңгейін
бағалауға болады. Бірақ, ақпарат көздерінің шектеулілігіне байланысты Ақтау портының
өндірістік әлеуетінің деңгейін төмендегі көрсеткіштер 14 кестедегі мәліметтер негізінде
анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Сонымен 14-Кестеге сәйкес Каспий өңіріндегі порттардың өндірістік әлеуеті келесідей
көрініс тауып отыр.
14-кестеде көріп отырғанымыздай, тасымалдау қуаттылығы жөнінде алдыңғы қатарда
Әзірбайжан, содан Ресей мен Иран, үшінші орында Қазақстан, төртінші кезекте
Түркменстан порттарын байқауға болады. Дегенмен, аталған мемлекеттердің порттары
тасымалдау қуаттылығын толық пайдаланып отырған жоқ. Өндірістік әлеуеттің деңгейін
сипаттайтын маңызды көрсеткіш ретінде дамыған инфрақұрылымды жатқызатын болсақ,
сол инфрақұрылымдағы теміржол және автопаром өткелінің болуы жүк тасымалының
транзиттік мүмкіндігін жоғарылатады.
2012 жылға Каспийде тасымалдаудың болжамалы көлемі 65 млн тоннаға дейін өседі және
тасымалданатын жүктердің жалпы көлемінің транзиті мен экспорттаудағы Қазақстанның
үлесі 46 пайызға өсіп 30 млн тоннадай құрайды.
2012 жылы Каспийде порт инфрақұрылымының жиынтықталған қуаттары 165,4 млн
тонна, соның ішінде мұнай құю және құрғақ жүктерді ауыстырып тиеуге қабілетті болады.
2012 жылға болжанған жүк ағымы құрылған порт қуаттарының 79 пайызына әрекет етуге
мүмкіндік береді және жүк тасымалдаудың әрі қарай дамуы үшін қажетті резерв құрайды.
Сонымен қатар. Қазақстан, Ресей. Түркменстан Әзірбайжан, Иран порттарында
инвестициялық қаржыландыру үдерісінің дамуы байқалады. Бәсекелес Астрахань, Оля,
Махачкала және Түркменбашы порттарына бағытталған инвестиция көлемі Қазақстанның
өз портына жұмсаған инвестиция көлемінен біршама аз екендігі байқалып отыр. Бірақ,
бәсекелес порттар, соның ішінде Оля портының 2010 жылға дейін контейнерлі терминал,
контейнер тасушы кеме және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін технологиясы бар
кешен салуға жоспарлап отыр.
Қазіргі сәтте портта өңделетін басты жүктердің жалпы номенклатурасынан,
тасымалдаудың негізгі үлесі, Қазақстандық жүк жіберушілердің металл өнімдеріне,
сондай-ақ Ресей өндірушілерінің транзиттік қара металлдарына тиеді.
Негізгі жүк тасқынының көлеміне және жүру маршруттары көлеміне жүргізілген талдау
негізінде Ақтау портына әлеуетті бағытталған негізгі тұтынушыларды бөліп көрсетуге
болады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Ол аймақтағы мұнай өндірудің 34 пайызынан көбін және
республика бойынша 9 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы
жетекші мұнай өндіруші компаниялардың бірі болып табылады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-жеке меншік түріндегі кәсіпорын. Кәсіпорын 15 мұнай және газ
кен орындарын игереді. Игеретін негізгі нысандары өз мұнайының 90 пайызын құрайтын
Қаламқас және Жетібай кен орындары болып табылады. Кен орындарды өндіру бойынша
ғылыми жұмыстарды Ғылыми-өндірістік орталығы жүргізеді. Олардың басты мәселесі кен