Page 61 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

61
басты назар аударған жөн. Қазіргі күні маркетингтік іс әрекеттердің Ақтау порты
бағытына жүк тасымалын жұмылдыру өзекті болғандықтан үзіліссіз сипат алуы қажет.
Қазіргі таңда Каспий теңізі бойынша мұнай және құрғақ жүктерді тасымалдауда
бәсекелестік қатынастың өрши түскендігі байқалуда.
Әзірбайжан Республикасы Каспий теңізі бойынша Каспий теңіз пароходтық флоты
(КАСПАР) арқылы тасымалдау нарығының конъюнктурасын бақылап отырған. КАСПАР
теңіз бойынша ірі танкерлік флотты басқарып, Қазақстан мен Түркіменстан порттарынан
келетін жүктерді әзірбайжандық порттарға бағытталған мұнай және мұнай өнімдерін Қара
теңізге шығару үшін тасымалдаумен айналысып келеді. КАСПАР-дың кемелік базасы
2010 жылға дейін төмендеуі мүмкін. Себебі, кеме әсерінен алдын ала ластанудан қорғау
халықаралық конвенция (МАРПОЛ) шешімі бойынша бір бортты ескі кемелерді
пайдалануға тиым салынған. Seascott Management компаниясының сараптама бағасы
бойынша КАСПАР-дың нарықтағы үлесі біртіндеп 50%-ға кемуі ықтимал. Сол себептен
КАСПАР пайдалануға 13,8 мың тоннаға жететін жаңа танкерлерді іске қоспақ.
Ресейдің «Волготанкер» кеме компаниясы «өзен-теңіз» класына жататын дедвейті 5,0
тоннаға жететін танкерлердің ірі иеленушісі болып табылады. Қазақстан мен
Түркменстаннан келетін мұнай және мұнай өнімдерін Махачкала портына жеткізеді. Ал
жазғы кеме жүзу кезінде Волга-Дон каналы арқылы Қаратеңізге жүк тасымалдайды.
Сонымен қатар Иранға Челябинск, Магнитогорск, Батыс-Сібір және Орск - Халиловск
металургиялық комбинаттарынан металлопрокаттар бағыттайды, және Иран портына
мұнайды жеткізеді. «Волготанкердің» Каспий теңізінде болуы маусымдық сипат алып
отыр. Бұл компания Ресейдің ішкі су жолдарында Каспий теңізінде бәсекелестік
қабілеттілігі төмен.
Каспий теңізінде Ресейдің кеме компаниясының PALMALI SHIPPING мұнай құятын
флоты заманға сай флот болып табылады, ол осыдан 6 жыл бұрын құрылған және жалпы
дедвейті 100 мың тонна. Бірақ бұл компания сыртқы қатысушы ретінде кемелерін
фрахтаға жұмсаумен айналысады.
АҚ
«Ұлттық
теңіз
кеме
компаниясы
«Қазтеңізкөлікфлот»
(АҚ
«ҰТКК
«Қазтеңізкөлікфлот») қазіргі таңда өзінің жеке флотын қалыптастыруда. Аталған
компания құрғақ жүктерді тасымалдамайды, себебі Ресейдің, Әзірбайжанның, Иранның
кеме компанияларының флоттары техникалық жағынан амортизацияланған және төмен
тарифтермен қызмет атқаруға мүмкіндіктері бар.
Каспийде тасымалданатын негізгі жүк түрлері мұнай, болат. контейнерлер, орман
материалдары және қағаз болып табылады. олардың үлесі жалпы жүк тасымалы көлемінің
72% құрайды.
Каспий теңізі өңіріндегі порттардың өндірістік қуаттылық деңгейінің Ақтау портына
бәсекелес жағдай тудыратыны анық. Сол себептен әр порттың өндірістік әлеуетін бағалау
Ақтау портының жүк тасымалдау әлеуетінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Өндірістік әлеуетті бағалауға келесі инфрақұрылымдар жиынтығын қарастырдық: жалпы
жүк айналымы, транзиттік жүк ағымы, пирс саны, жүк көтергіштігі, шөгуі, айлақ саны
порттың тасымалдау қуаты, теміржол және авто паром өткелінің болуы, инвестиция
көлемі және т.б.