Page 60 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

60
Қазіргі кезде Новороссийск портына қарағанда, Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау
маршруты экономикалық жағынан тиімді. Сонымен бірге мынадай факторларды ескеру
керек:
− Ақтау-Баку паромдық жолындағы бос вагондардың қайта қайтуына жеңілдіктің
жоқтығы;
− Ақтау-Баку маршруты теміржол паромында қозғалудың нақты графигінің жоқтығы;
− Үш шекаралық өткелден өту;
-Жүк жіберушілердің тасымалдаудың дәстүрлі маршруттарына үйреніп қалуы;
− «Каскор-Транссервис» АҚ теміржол қатынасында вагондардың тұрып қалуы (бір
тәулікке дейін уақыт жоғалтуы).
Сонымен қатар, «Миттал Стил Теміртау» АҚ өкілдіктерімен келіссөздер жүргізу
барысында келісімге келетін бірқатар позитивтік факторлар бар. Олар:
Новороссийск портындағы жүк тасымалының жоғарылығы және Поти портына қарағанда
кеме шаруашылығының қарқындылығы;
Поти портындағы ТРАСЕКА дәлізі бойынша тасымалданатын транзиттік жүктер үшін
айлақтар мен қоймаларды берудегі басымдылық;
Сондай-ақ, ТРАСЕКА дәлізі бойынша тасымалданатын транзиттік жүктер үшін
Әзірбайжан және Грузия территорияларында арнайы ставкалар беру мүмкіндігін ескере
отырып, Новороссийск портына қарағанда Ақтау порты арқылы тасымалдау тарифі
айтарлықтай төмен болады.
«Кастинг» ЖШС. Прокат өндірісі Бұрынғы Павлодар трактор зауытының цех базасы
негізінде үздіксіз құю және сортты прокат өндіру. Қазіргі уақытта «Кастинг» ЖШС-і
шығаратын өнімнің негізгі көлемі Ресей, Түркияға, Еуропа елдеріне, және Ақтау порты
арқылы Иранға экспортталады.
«Миттал Стил Темиртау» АҚ металл өнімдерімен қатар Ресейлік «Уральская сталь» АҚ
және «ЗапСиб» АҚ («Западно Сибирский Металлургический комбинат») сияқты металл
өнімдері комбинаттарының транзиттік жүк тасқынын тарту мәселесі қарастырылуда.
Қазіргі таңда Ақтау портында атқарылатын жүк тасымалының біршама үлесі АҚ«Испат-
Кармет» комбинатының металл өнімдерінің өндірісіне тиесілі.
Ал, жүк тасқынын жеделдету мен порттың қызмет ету аясын кеңейту үшін ресейлік
трейдингтік компаниялардың маңызы артып келеді. Себебі, жүк тасымалының тек
отандық өндірістің әлеуетіне иек арту нарықтық заңдылыққа немесе маркетингтік іс
әрекетті жандандыруға қайшы келетін құбылыс болып табылады.
Сондықтан, тасымалды немесе транзиттік жүктердің көлемін ұлғайтуда Ресейдің ірі
компанияларын, соның ішінде металл өнімдерін өндіретін комбинаттардың іс әрекетіне