55
Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) Алматыға контейнерлерді тасымалдау тарифін талдау
кестесі (Серахс станциясы арқылы және Ақтау порты арқылы) Латвияға, Молдоваға,
Әзірбайжанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға барлығы 20-дан астам елге экспортталады.
«Казфосфат» ЖШС әрі қарай экспорттауға шығаратын негізгі өнімі натрий
триполифосфаты (НТПФ), минералды тыңайтқыштар және сұйық аммиак болып
табылады. Қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС өз өнімін (натрий триполифосфаты (НТПФ))
Ақтау порты арқылы Асса-Ақтау порты-Баку порты-Поти порты-Варна порты
бағыттарына ай сайын 500 тонна көлемінде экспорттау мүмкіншілігін қарастырып отыр.
Одан басқа Иранның натрий триполифосфатқа қажеттілігіне тиісті осы бағытта 2008
жылы экспорттаудың шамамен көлемі 30 мың тоннаны құрауы мүмкін.
Компанияның жоспарлары бойынша болашақта Иранға және Парсы шығанағы елдеріне
жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасаған жағдайда «Казфосфат»
компаниясы шығаратын натрий триполифосфат және басқа өнімдер көлемі артуы мүмкін.
Қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС Ақтау порты арқылы өз өнімін келесі бағыттар арқылы
экспорттау мүмкіншілігін қарастырып отыр:
− Асса- Ақтау порты-Иран (Бандар-Анзали порты) - шамамен көлемі жылына 30 мың
тоннаға дейін;
− Асса-Ақтау порты - Баку шамамен көлемі жылына 10 мың тоннаға дейін;
− Асса-Ақтау порты -(Волго-Дон каналы) Южный порты шамамен көлемі жылына 20 мың
тонна.
Ақтау порты арқылы НТПФ тасымалдаудың баламалы бағдары Серахс теміржолы
(Түркменстан мен Иран арасындағы теміржол өткелі) болып табылады, бірақ та дөңгелек
жұптарын ауыстырудың әсерінен қозғалыстағы вагондардың жиі тоқтап қалуына әкелетін
теміржол өткелінің жұмыс бастылығына байланысты, сол сияқты Орта Азия елдерінің
соның ішінде Өзбекстан және Түркменстанның аумақтарында бірнеше шекаралық және
кедендік өткелдердің әсерінен, аталған бағыттағы тасымалдауды тартымды деуге
болмайды.
Дегенмен, қазіргі кезде Еуропа елдеріне теміржол арқылы тасымалдаудың құны жағынан
тартымдылығын, порттарда ауыстырып тиеу жұмыстарының жоқтығын және бірнеше
шекарадан өтпейтіндігін ескерсек, 2008 жылы бұл жүк түрін тартудың біріккен кешенді
шараларын әзірлеу қажет.
Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеудің талдауы. Қазіргі кезде Қазақстанның экспорттық
мұнай қорлары келесі бағыттарды пайдаланып тасымалданады: Каспий Құбырлық
Концорциум (КҚК) жүйесі бойынша Новороссийск порты арқылы - Қазақстан мұнайын
әлем нарығына тасымалдаудың негізгі пункті, Өзен-Атырау-Самара, Кеңқияқ-Орск,
Қүмкөл-Атасу-Алашанькоу-Душансы (ҚХР), Омск-Павлодар құбырлары бойынша және
Ақтау-Махачкала - Новороссийск, Актау-Баку-Батуми, Ақтау-Баку-Новороссийск және
Ақтау-Нека аралас теміржол-су-құбыр қатынасымен.