56
Ақтау порты арқылы мұнай тасымалының жалпы көлемі 9 292.9 мың тонна құрағаны
белгілі. Соның ішінде 4 203, 3 мың тоннасы Ресейдің, 3 379,3 мың тоннасы Иранның, 1
710.3 мың тоннасы Грузияның үлесіне тиесілі (Қосымша Б).
Ақтау теңіз порты арқылы мұнай тасымалдаудың әлеуеті мұнай өндіруші
компаниялардың қызметіне сәйкес деңгейде дамиды. Сондықтан мұнай тасымалдау
әлеуетін сипаттау мақсатында бірқатар мұнай компанияларының мұнайды ауыстырып
тиеу жағдайына тоқталсақ. ол төмендегідей көрініс тауып отыр.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы мұнай компаниясы қазіргі күні және келешекте
географиялық факторлардың, күтілетін өндіру көлемінің өсуінен, өткізу нарығының
келешегін ескерсек, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша негізгі серіктестіктердің бірі
болып қалады. 2008 жылы бұл компания 5 млн. тоннадан жоғары көлемде мұнайды өндіру
жоспарын жүзеге асырған жағдайда, экспорт көлемі шамамен 4 млн тонна құрауы мүмкін.
Тұтынушыларға шикізатты тасымалдау теміржол бойынша, Атырау-Самара құбыры
бойынша және Ақтау порты арқылы жүзеге асырылады. 2008 жылы бұл компания Ақтау
порты арқылы шамамен 1,2 млн тоннаны ауыстырып тиеуді жоспарлап отыр.
«Қаражанбасмұнай» АҚ соңғы жылдар ішінде өндіру көлемін қарқынды өсірумен
байланысты Ақтау порты арқылы мұнайды ауыстырып тиеудің деңгейі өсуде. 2008 жылы
белгіленген мұнай өндірудің деңгейінің өсуіне байланысты «Қаражанбасмұнай»
компаниясы Ақтау порты арқылы Ақтау-Баку-Батуми бағдары бойынша 1,3 млн тонна
мұнайды ауыстырып тиеуді жоспарлап отыр.
«CNPC- Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысында кен орындарын игеруде. Жаңажол және
Кеңқияқ игеріліп жатқан кен орындарында мұнай өндірудің көлемінің өсуіне байланысты
2008 жылы өнім көлемін 6,5 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2006 жылы
пайдалануға енгізілген Атасу - Алашанькоу-Душансы (ҚХР) мұнай құбыр телімі «CNPC-
Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнайдың едәуір көлемін ҚХ Р бағытына қайта бағыттады. Алдын-
ала деректер бойынша «CNРС-Актөбемұнайгаз» АҚ 2008 жылы Ақтау порты арқылы 600
мың тонна мұнайды ауыстырып тиеуі мүмкін.
«Бозашы-Оперейтинг» компаниясы (жақын араға дейін-Nelson Buzachi Petroleum, оның
алдында-Texaco North Buzachi) Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысында
Солтүстік Бозашы мұнай кен орнын игеруші оператор болып табылады. Кен орны
Ақтаудан солтүстікке қарай Маңғыстау облысының әкімшілік орталығынан 248 шақырым
жерде шикі мұнайды экспорттауға мүмкіндік беретін инфрақұрылымға жақын жағалау
аймағында орналасқан. Кен орны 1975 жылы ашылып ірілер санатына жатады. Жер
қойнауын пайдаланушылардың ауысуымен кен орнын игеру стратегиясы қайта
қарастырылып, оны толық игерудің жоспары дайындалып келісілді. Қазақстан
Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мақұлдаған
Солтүстік Бозашы кен орнын толық игеру технологиялық сызбасына сәйкес 2017 жылы
мұнай өндірудің максималды деңгейі тәулігіне 49 мың баррельге жетуі тиіс. 2008 жылы
Бозашы Оперейтинг компаниясы Ақтау порты арқылы 2,4 млн тонна мұнайды ауыстырып
тиеуі ықтимал.
Одан басқа ауыстырып тиеудің белгілі бір көлемдері Қазақстан мұнай кен орындарында
өндірістік игеруді жүзеге асырып жатқан әр түрлі мұнай өндіру компанияларының
жеткізулерінен құрылатын болады. Соның ішінде «Қазгермұнай БК», Maersk Oil
Kazakhstan, «ТеңізШевройл» БК компаниялары.