54
Ал. Ұлыбритания, Израиль, Эстония. Норвегия, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттерінің
үлесі 0,29%-дан 3,5% аралығында (Қосымша Б).
Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының шамалы ғана үлесі объективті
факторлардың әсерінен туындап отырғандығын анықтау үшін контейнерлі нарықтағы
жүктің қалыптасуына бірден бір ықпалын тигізетін баға факторына назар салу керек. Баға
саясаты неғұрлым бәсекеге қабілетті және тұтынушы тарапынан қолайлы таңдауға ие
болатын жағдай бұл жүк түрін тартуға, яғни Ақтау порты арқылы контейнерлі жүктің
әлеуетін көтеруге маңызды саясат болып табылады.
Сондықтан. контейнерлі жүк тасымалының әлеуетті дәлізі ретінде Қытай-Еуропа және
Біріккен Араб Әмірлігінен Ақтау бағытындағы жүкті жеткізу тарифін талдау қажет.
Қытай - Қазақстан - Ресей бағытындағы шығын 1601 АҚШ доллар, ал ТРАСЕКА дәлізі
бойынша Ақтау порты арқылы аталған шығын-2645 АҚШ долларға тең болып отыр.
Демек. Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының тарифі ШҰАР - Германия
және Қытай - Қазақстан - Ресей бағыттарындағы шығындардан 1,6 есеге жоғары екендігін
көреміз.
Бұл салыстырудың нәтижесінде Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының
тарифі бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін байқатады және осы жүк түрінің тасымалдау
әлеуетін шектейтіндігін анықтап отырмыз.
Жоғарыда көрсетілген 9 Суретте Иран мемлекетінің контейнерлі жүк тасымалы бойынша
қомақты үлесті алып отырғандығын байқадық. Осыған сәйкес бұл үрдістің орын алып
отырғандығын анықтау мақсатында келесі 7 Кестедегі мәліметке талдау жүргізсек.
Кестедегі мәліметтерге сәйкес БАӘ-Ақтау-Алматы бағыты бойынша контейнерлерді
тасымалдаудың қолданыстағы тарифі салыстырмалы түрде БАӘ-Серахс-Алматы
бағытына қарағанда 15%-ға (20фут) және 21%-ға (40 фут) жоғары екендігін және осы
салыстырмалы талдау арқылы Ақтау портымен контейнерлерді тасымалдау тарифінің
бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін көреміз.
Демек, отандық контейнер нарығының ауқымының тар екендігін көрсетіп отыр және
сервистік техникалық жабдықтардың жоқтығын куәландырып отыр.
Минералды тыңайтқыштар. Бұл жүк түрін қалыптастырушы ретінде келесі кен
орындарының ресурстарын қарастырамыз.
Жаңа-Жамбыл фосфор зауыты жылына 80 мың тонна сары фосфор, 120 мың тонна натрий
триполифосфатын, 120 мың тонна фосфор қышқылын және де сәйкес өнімдер өндіре
алады.
«Қаратау» тау-кен орнын қайта өңдеу кешеніне Ақсай, Шилібұлақ, Шолақтау, Көксу,
Кистас, Жаңатас кенорындары және өндірістік қуаттылығы жылына 6,4 млн тонна кен
фосфат шикізатын байыту және өндіру бойынша екі зауыт кіреді.
Степногорскідегі химиялық зауыттың қуаттылығы жылына 200 мың тонна минералдық
тыңайтқыштарды шығаруға мүмкіншілік береді.