Page 53 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

53
Қазақстандық астықты Поти портындағы теңіз жолымен астық жеткізудің маршруты бар
терминал арқылы экспорттау нұсқаларын салыстыра келе, ұсынылып отырған жобаның
айтарлықтай артықшылығын атап көрсетуге болады. Мәселен, Түркия порттарына дейін
астықты экспорттау кезінде салыстырмалы талдау, Поти порты арқылы астық тасымалдау
Азов порты арқылы тасымалдау маршрутына қарағанда фрахт бағасы бойынша, сондай-ақ
экспорттық келісім-шарттарды жүргізу кезінде маңызды болатын уақыт үнемі бойынша
айтарлықтай артықшылығы бар екенін көрсетті.
Қазақстан астық дақылдарының негізгі импорттаушылары Түркия, Үндістан, Сауд
Арабиясы, Йемен, ИИР, Әзірбайжан Республикасы,
Грузия, Египет болып табылады. ҚР
солтүстік және орталық өңірлерінен астық дақылдарын тасымалдау келесі бағдарларды
қолданумен жүзеге асырылады:
− ҚР солтүстік және орталық өңірлері - Ақсарайская-Самур-Баку;
− ҚР солтүстік және орталық өңірлері-Ақтау портынан Ақтау паромына ауыстырып тиеу
Баку;
− ҚР солтүстік және орталық өңірлері - Ақтау порты - ИИР порттары;
− ҚР солтүстік және орталық өңірлері - Өзбекстан, Түркменстан бойынша транзит - ИИР
теміржол өткелі.
«Азық-түлік келісім шарт корпарациясы» АҚ ақпараты бойынша Ақтау теңіз портындағы
«Ақ бидай» астық терминалы арқылы 2008 жылы экспортқа 200 мың тоннадан жоғары
астықты ауыстырып тиеу жоспарлануда. Осы көлем SWAP-операцияларды өткізу
шеңберінде соның ішінде Иран, Ауғанстан және Парсы шығанағы елдерінің нарығына
Қазақстан астығын жеткізуге қатысты Астана мен Тегеран арасында қол қойылған
келісімге сәйкес бекітілді. Келісім-шарттарға қол қою және Иранға астықтың экспорттау
көлемінің өсуі жағдайында астықты Ақтау порты арқылы тасымалдау бағдары Серахс
теміржол өткелі баламалы бағдарымен салыстырғанда едәуір тартымды болып көрінеді.
Болашақта «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» инвесторлармен бірге Ақтау-Баку-
Поти дәлізін әрі қарай дамыту оның көмегімен Қара теңізі арқылы ЕО, Таяу Шығыс және
Солтүстік Африка нарықтарына шығу үшін және де Ақтау-Баку-Поти көлік бағдарын
тиімді жұмыс істету мақсатында Ақтау портында терминалды оның қуаттылығын жылына
1 млн тоннаға дейін көбейту жоспарлап отыр. Яғни, Әзірбайжанға400 мың тоннаға дейін,
Иранға 150 мың тоннаға дейін, Грузияға 100 мың тоннаға дейін көлемде астықты жеткізу
және Поти портында терминалды 350 мың тоннаға дейін жүктеу үшін.
Контейнерлер. Қазіргі уақытта контейнерлері жүк тасымалының Ақтау порты арқылы
тасымалдау көлемінің аздығы байқалып отыр.
Ақтау порты арқылы 2007 жылғы контейнерлі жүк тасымалының көлемі 15 295 тонна
құрады (Қосымша Б).
Демек. Біздің есебіміз бойынша контейнерлі жүктің бұл көлемі барлық тасымалданған
құрғақ жүк көлеміндегі (1 451,4 мың тонна) үлесі 1% ғана құрап отыр. Порт арқылы
тасымалданған жалпы контейнерлі жүк тасымалының 83,58%-ы Иран мемлекетіне тиесілі.