52
қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн. тонна болды. 2007 жылы
Қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен олар 3,3 млн. тонна
астық немесе жалпы көлемнің 48% экспортталған ТМД, 1,5 млн. тонна (22,2%)
шамасында - Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна(13,5%) - Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна
(9,5%) - Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия,
Бангладеш, Танзания нарықтарына жеткізілді, перспективада Қытай бағытына астық
экспорттауды пысықтау жүріп жатыр.
ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдері келесі Әзірбайжан - 886,6 мың тонна, Ресей
- 613,5 мың тонна, Украина - 394,6 мың тонна, Қырғызстан - 345,5 мың тонна, Тәжікстан -
298.4 мың тонна импорттады.
Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа - 555,1 мың тонна,
Туркияға - 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына-348,5 мың тонна, Египетке-329,6 мың
тонна, Иранға -225,3 мың тонна, Иеменге-193,0 мың тонна, Италияға- 176,8 мың тонна,
Германияға- 149,7 мың тонна экспортталды.
Ал, 2007 жылы Ақтау порты арқылы тасымалданған астықтың көлемі небәрі 187,9 мың
тоннаны құрады (Қосымша Б).
Демек, Қазақстанның жалпы астық экспортының көлемінің2,1%- ын ғана құраған. Бұл
үлестің немесе 187,9 мың тоннаның 99,1%-ы (186,2 мың тонна) Иранға және 0,9% -ы (1,6
мың тонна) Әзірбайжанға Ақтау порты арқылы жөнелтілген.
Бұл жағдай Ақтау және Әзірбайжан портындағы астық терминалдарының толық
пайдаланылмағандығын куәландырып отыр. Нақтылай келсек, 2007 жылдың 4 сәуірінде
Бакуда Қазақстан-Әзірбайжандық біріккен жобаны іске асырудың нәтижесінде астық
терминалы жұмыс істей бастады. Терминал қуаттылығы-жылына 500- 800 мың тонна
астық артады. Оны Әзірбайжан, Грузия және Қара теңіз арқылы Солтүстік Африка
елдеріне Қазақстан астығын ауыстырып тиеу үшін пайдалану болжануда. Осы бағыт
бойынша жүк ағымын қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік келісім шарт корпарациясы» АҚ
Грузиялық Поти портында астық терминалын және сыйымдылығы 24 мың тонна
элеваторды салу бойынша шешім қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі Танжер
(Марокко), Александрия (Египет) порттарына жаңа астық терминалдарын салуды
жоспарлап отыр. Қазақстан Үкіметі Иранға жеткізулерді көбейту мақсатымен Иран порты
Амирабадта жаңа астық терминалын салуды жоспарлағанын және көрсетілген жобаларды
іске асыру Ақтау порты арқылы Солтүстік Африка Таяу Шығыс бағыттарына астықты
ауыстырып тиеуді болашақта едәуір көбейтуге мүмкіншілігінің бар екендігін назарға
аламыз.
Астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге Украина
айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбеюі; Азов теңізінен
ауыр салмақты кемелердің өту мүмкіндігінің шектеулігі; Россия айлақтарының қыс
кезінде мұз басып қалатындығы Ақтау портының астықты тасымалдаудағы әлеуетінің
жоғарылығын дәлелдейді. Осы жағдайларды ескеретін болсақ, Ақтау портының астықты
тасымалдауға байланысты әлеуетін толық пайдаланбай отырғандығын көреміз.
Сонымен қатар, Әзірбайжан, Грузия, РФ-ның территориялары бойынша өтетін транзиттік
теміржол тарифі мен Ақтау - Баку бағытындағы шығындардың астық тасымалдаудың
мүмкіндігіне әсері бар.