Page 47 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

47
Басқа да қызмет жасап отырған инфрақұрылымдарды пайдалану мүмкіндігі, соның ішінде
құрғақ жүкті өткізетін қуаттылықтарды пайдалану;
Табыс әкелмейтін мерзімді инвестициялар санының төмендеуі; Мұнай тасымалдау
бойынша қуаттылықты аз қаражатпен ұлғайту.
Ақтау портының кемшіліктерінің ерекшеліктері келесідей:
Мұнай тасымалдау айлақтарының жеткілікті тереңдікте болмауы;
Көлік тасымалы мен жүк сақтау қоймаларының дамуына қажетті жер учаскелерінің
шектеулі мөлшері;
Жаңа порттың қарқынды дамуына шектеулер (мұнай бойынша жылына 20-25 млн. тонна,
құрғақ бойынша жылына 4-5 млн. тонна);
Қаржыландыруға сәйкес талаптардың күрделілігі;
Каспий теңізінің деңгейі келешекте төмендеу қауіпі туындаған жағдайда, жағалауды
тереңдету немесе кіші габаритті кемелерді пайдалану қажеттілігі орын алуы мүмкін.
Каспий теңізінің Қазақстан секторын игеру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру
мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Ақтау порты дамуын ескере
отырып Құрық портын дамыту жоспарын қарастыру көзделген, яғни бұл порт мұнай құю
порты ретінде құрылып, арнайы терминалдары бар 20 млн. тоннадай өндірістік қуатымен
қамтамасыз етілген порт болуы тиіс.
Осыған сәйкес, біздің пікірімізше Құрық портының дамуы келесі негіздемелерге
байланысты жүзеге асырылуы қажет.
Құрық портындағы шығанақ жыл бойына жүктерді өңдеуге мүмкіндігі бар: Шығанақ
жағалаудан 600 метр қашықтықта, 10 метр тереңдікте орналасқан. Сонымен қатар АО
(КазТрансОйл) қазіргі уақытта Құрық портын дамытуға нақты іс-шаралар қолданылып
жатыр.
Құрық портында мұнай тасымалымен және үлкен тереңдіктегі екі айлақ құрылысын
жүргізу жоспарланып отыр. Бұл айлақтар Ақтау портымен салыстырғанда ірі кемелерді
пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Порттың ыңғайлы орналасуы келесідей табиғи
шығанақ қысқы мерзімде қатпайды және терең сулар жағалауға жақын орналасқан.
Терең айлақтарды пайдалану мүмкіндігі келешекте толқын кесу және дренаж құрылысын
жүргізуді қажет етпейді, ал Ақтау порты бұл құрылысты жүргізуге мұқтаж болып отыр
және үлкен қаражатты талап ететін шара болып отыр. Сонымен қатар жаңа алаңдарды ашу
жоспарланып, оның құрамына темір жол, құбыр тораптарын, автокөлік жолдарын, тұрғын
үй және басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысын салу жоспарлануда. Егер
Құрық порты дамыған жағдайда жаңа жекеменшік флоттардың ыңғайлы орналасуына,
Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуына әсерін тигізетін жаңа салалар
мен әлеуетті іс-әрекеттердің дамуына мүмкіндік береді (мұнай өнімдері, металл балқыту
және т.б.).