Page 48 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

48
Каспий теңізінен 60 мың тонналық кеменің максималды дедвейті немесе өтуі 14 метр
тереңдікті қажет ететінің ескерген болсақ, мұнай айлақтарының тереңдігі 20 метрге дейін
жетуі мүмкін.
Ақтау портымен салыстырғанда Құрық портының үлкен кемелерді жинақтау мүмкіндігі
теңіз көлік шығынын айтарлықтай үнемдеуіне әсерін тигізеді. Жылына 20 млн. тонналы
салмақты жүктердің жалпы өткізу мүмкіндігіне қатысты көлік шығындарын жылына 50-
80млн. АҚШ долларына дейін үнемделуі ықтимал. Сонымен қатар Каспий бассейініндегі
порттарда кемелерді қабылдау шектеулілігі және мұнайды мұнай құбырына тасымалдау
тәуекелі себебінен, қымбат бағалы кемелер құрылысына көлік компаниялар тарапынан
инвестициялар жұмсалмауы әсерінен теңізде ірі кемелерді кеңінен пайдалану жүзеге
асырылмайды.
Құрық порты Ақтау-Өзен құбырынан 20км. қашықтықта орналасқан. Қолданыстағы
құбыр жүйесімен байланыстыратын жаңа қысқа торапты пайдалану арқылы порт
Маңғыстау мұнай кен орындарына қатынасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қашаған
мұнай кен орнын басқару үшін қолданыстағы құбыр жүйесінің жеткілікті қуатты қызмет
ету ықтималдығы төмен. Бұл жағдай Ақтау портына катысты құбылыс болып отыр.
Қашаған мұнай кен орны мен құбыр байланысының құны аталған екі порттың жобасының
құнына кірмеген. Құрық порты Құмкөл-Ақтөбе аралығындағы жаңа теміржол
құрылысынсыз орталық және солтүстік Қазақстандағы мұнай кен орындарындағы
қызметті реттеуге мүмкіндігі шектеулі. Осы жағдайды ескере отырып, аталған кен
орындардағы мұнай тасымалы Ақтау порты арқылы экспортталуы жалғаса беру керек
немесе Қытай бағытына тасымалдануы тиіс.
Құрық порты жобасының құны шамамен 16-24 млрд. теңге (120- 180 млн. АҚШ доллары)
құрайды. Біздің пікірімізше бұл соманың қомақты үлесі жерүсті инфрақұрылымын
қамтамасыз ету үшін бағытталынуы тиіс. Жоба ҚазМұнайГаз/ҚазақТеңізКөлікФлоты
тарапынан басқарылып, ішінара қаржыландырылады және басқа да мұнай
компанияларының қатысы болуы мүмкін. Негізгі инфрақұрылымды ұйымдастыру
шеңберінде портты кеңейту құны айтарлықтай қымбат емес (қосымша айлақ құрылысы
үшін 10 млн. АҚШ доллар жұмсалуы мүмкін, оның ішінде әр айлақтың қуаттылығы
кемелерді пайдалануына байланысты жылына 5-1 млн. тонна құрауы ықтимал).
Сонымен қатар, Құрық портының даму жоспары Ақтау портымен салыстырғанда жеке
инвестицияның тартылуына мүмкіндігі бар. Жеке инвестиция құрық портында Ақтау
порты мен салыстырғанда ерте ұйымдастырылуы мүмкін. Себебі Ақтау портындағы
пайдаланылатын инфрақұрылымдардың құны айлақ құнымен теңестірілуі мүмкін (10-12
млн. АҚШ доллары), бірақ олар кіші габаритті кемелерді пайдалану үшін
белгіленгендіктен төмен қуатта (жылына 3 млн.тонна) жұмыс жасайды.
Сондықтан біздің ойымызша Құрық портының негізгі артықшылықтарына төмендегілер
жатады:
− терең сулар (20 метр) тереңдікке дейін жетеді; ірі кемелерді пайдалану мүмкіндігі;
− индустриалды даму үшін жағалаудың жаңа учаскелерін ашу; порт құрылысы бойынша
жобаның жүзеге асуы жағдайында порттың кеңейтілуі салыстырмалы түрде алғанда аз
қаражат жұмсалуы мүмкін.