46
4. Жүктерді, порт кемелеріндегі жолаушыларды тасымалдау және бункерлік операциялар.
5. Су айдындарында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Кемелерге және басқа да теңіздік көліктер мен жабдықтарға техникалық қызмет
көрсету.
РМК «АХТСП»-ның басты қызмет түрлерін ұйымдастырушылық- өндірістік құрылымы
қамтамасыз етеді.
Ақтау портының ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымына кіретін пайдалану қызметі,
техникалық қызмет құрылымдары негізгі өндірістік қызметтің үдерісіне тікелей ықпалын
тигізеді. Бұл құрылымда жүкті тиеп-түсіру қызметі мен оның тасымалдау маршрутын
ұйымдастыруға сәйкес міндеттермен жүктелген бөлімдер айналысады.
Ал, корпоративті даму жөніндегі қызмет, қаржылық қызмет, кадр және режим қызметі,
порт капитаны құрылымдары ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз етеді және келесі
қызметтерді атқаруға тікелей әсерін тигізеді. Ақтау портының корпоративті даму
қызметінің дамуына арнайы маркетингтік-талдау бөлімдері жүк тасымалын
ұйымдастыруға сәйкес талдау жұмыстарын жүргізеді және т.б. қызметтер атқарады. Ұзақ
мерзімді инвестицияларды басқару, тариф саясатына байланысты қызметтер жүргізіледі.
Портты қадағалау инпекциясы, электронавигация байланысын атқаратын бөлімдер порт
капитанына бағынады.
Барлық ұйымдастырушылық-өндірістік қызметті Порт әкімшілігі басқарады.
Ақтау портының мұнаймен керекті мөлшерде жүктелуі (№4,5,11,мұнай құятын
айлақтарды пайдалануға беруге байланысты, мұнай операциялары кезінде 12000 тонна
жүк көтеру қабілеттілігі бар танкерлерді қолданған жағдайда, Ақтау порты жылына 15
млн. мұнай өңдей алады).
Ақтау портын кеңейтіп, қосымша мұнай құйылатын айлақтарды құратын болса,
тасымалданатын мұнай көлемі жылына 30 млн тоннаға жетеді. Ақтау портының
айналасында көптеген теміржол цистерналарын өңдейтін мұнай базалары орналасқан.
Ақтау портында төрт жаңа мұнай айлағы, контейнерлер мен жалпы жүкті қамтамасыз
ететін төрт айлағы бар, сонымен қатар үш қосымша айлақ қызмет атқарады.
Коммерциялық айлақтар займдар көмегі мен Ақтау порты тарапынан құрылыс
жүргізіледі. Келешекте порт жеке операторларға жалға беріліп, өзін-өзі қаржыландыру
жағдайына жетуі мүмкін. Бұл жобаға мемлекеттің үлесі 3,4 млрд. теңге (25 млн. АҚШ
доллар) құрайды және жобаның басты кезеңінде толқынға тосқауыл мен дренажды
қалпына келтіру жұмыстарына бағытталынып отыр.
Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының артықшылықтары келесідей:
Жаңадан құрылған мұнай айлақтарының жедел толуы үшін инфрақұрылымдар қызметінің
орын алуы;