Page 45 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

45
Жекелеген жүк тасымалдаудан басқа контейнерлік жүктерді тасымалдау өз алдына үлкен
мүмкіндіктерге ие. Қазіргі күні «Қазақстан темір жолы Ұлттық Компаниясы» ТРАСЕКА
көлік дәлізі шеңберінде Достық бекеті-Ақтау порты және Бейнеу - Ақтау бағыттарындағы
тасымалданатын контейнерлерге төмендетілген коэффициенттерді пайдалануды
қарастыру үстінде. Әзірбайжан, Грузин темір жолшылары да өз мемлекеттерінің
территориясы арқылы тасымалданатын жүктерге төмендетілген коэффициенттерді
ұсынып отыр. Осы секілді жеңілдетілген тарифтік режим барлық көлік дәлізі бағытында
күшіне ену үрдісі Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізінен (Қытай-
Достық/Алашанькоу-Пресногорькоская- Санк-Петербург-Гамбург/Роттердам) және Поти
(Батуми)-Баку-Ақтау-Серхетабад (Термез) маршруттары арқылы қомақты жүк тасымалын
тартуға мүмкіндік береді.
Қытайға және Қытайдан жүк тасқыны Достық бекеті арқылы автомобиль жолдарымен
тасымалданады. Бұл жүк тасқыны Ресейдің кейбір мемлекеттері және Орталық Азия
мемлекеттерімен араласқан мемлекетаралық саудадан туындап отыр. Сондықтан Достық
бекеті арқылы жүк тасқынын 15 млн. тоннаға дейін жеткізу мақсаты басымды. Бұндай
жүк көлемі Қытайдан басқа, Оңтүстік-Шығыс Азиядан да тасымалдануы мүмкін. Бірақ,
Ақтау портын технологиялық және экономикалық жағынан қытай жүктерін байланыстыру
қиын. Себебі, Қазақстан мен Ресей арқылы өтетін темір жол бағыттары қытайлықтарға
тиімді болмақ. Ал транзиттік мүмкіндік болып негізгі басымды бағыт ретінде Ақтау
порты мен Достық-Алашанькоу темір жол бағыттары саналады.
Демек, мемлекеттік шекарадағы екі манызды көлік жүйесі болып - Ақтау теңіз-сауда
порты мен Достық бекеті Қазақстанның сыртқы нарыққа шығуына бірден бір тиімді бағыт
болып табылады және экспортық-импорттық тауар айналымын, тасымалдау өткелі ретінде
сыртқы экономикалық қарым-қатынасты тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.
Ақтау порты алғашында Маңғышлақ өңірінің уран өнеркәсібімен, мұнай кен көзінің
дамуын қолдау мақсатында құрылған. Кейіннен Ақтау порты БН-350 атом электр
станциясын және химия саласындағы зауыттардың салынуында маңызды орын алды.
1999 жылдың қыркүйегінде Ақтау портын жаңартудың 1-ші кезеңі аяқталу нәтижесінде,
жылына 8 млн. тонна мұнайды тасымалдау мүмкіндігі бұрынғыдай сақтала отырып құрғақ
жүкті жүктеу-түсіру кешенінің қызмет көрсетуі бойынша 1,5 млн тоннаға дейінгі деңгейге
көтерілді.
РМК «АХТСП» қызметінің басты мақсаты жүк, теңіз кемелері мен жолаушыларға қызмет
етуге байланысты теңіз порты қызмет саласында отандық және шетелдік тапсырушыларға
кең спектрлі, сапалы қызмет көрсету.
Жарғы бойынша РМК «АХТСП»-ның басты қызмет түрлері:
1. Жүктеу, түсіру, ТМД және шетел елдерінің кемелеріне қызмет көрсету.
2. Көліктік-экспедиторлық, жүктермен байланысты қоймалық операциялар, теңіз
көлігінен басқа көлік түрлерінен жүкті ауыстырып тиеу немесе керісінше басқа көлік
түрлеріне жүктеу.
3. Жолаушы теңіз кемелеріне қызмет көрсету;