44
Қазіргі уақытта Каспий мұнайын әлемдік нарыққа жеткізу Баку-Новроссийск, Махачкала-
Новороссийск, Баку-Супса, Теңіз-Новороссийск, Атырау-Самара және Нека-Тегеран
халықаралық мұнай құбыры маршруттары арқылы жүзеге асырылып келеді. 2003 жылы
бұл құбырлардың тасымалдау мүмкіндіктері 80 млн. тоннадан асып жығылатын; 2015
жылы 120-122 млн. тонна аралығында тасымалдануы мүмкін. Сонымен қатар, 2015
жылдары аталған мемлекеттер мұнай өндірісін 250-300 млн. тоннаға жеткізетінін
ескеретін болсақ тасымалдау мүмкіндігі экспорттық әлеуеттен біршама төмен болмақ.
Сондықтан. Ақтау-Баку, Ақтау-Махачкала, Ақтау-Нека бағыттарында мұнай танкері
арқылы тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында жаңа мұнай аялдайтын орындардың
құрылысын жасау қажеттілігі туындап отыр.
Металл. АҚ «Испат Кармет» бойынша талдау жүргізетін болсақ, бұл компания Ақтау
портының негізгі жүк базасы болып табылады. АҚ «Испат Карметтің» болжамы бойынша
Ақтау портына бағытталатын жүк тасымалының көлемі ай сайын 100 мың тоннаға жетуі
ықтимал, ал жылына 1200 мың тонна металл тасымалдануы мүмкін.
Сондықтан. Жаңа Ауыл-Ақтау темір жол учаскесі кеден және шекара тосқауылдарынан
жеңілдік алатын бірыңғай құқықтық аймақ бола алады. Осы себептен, Жаңа Ауыл-Ақтау
темір жол учаскесін пайдалану арқылы АҚ «Испат Кармет» өнімдерін тиімді бағамен
тасымалдауға және Арыстансор-Донское теміржол учаскесін пайдалану арқылы АҚ ҰК
«Қазақстан темір жолы» мен Ақтау портына экономикалық жағынан тиімді болатындығы
айқын.
Тиейтін жүктер. Глинозем/алюминий.
Қазіргі таңда әлеуеті үлкен жүк ретінде Гянджин және Николай алюминий зауытынан
(Украина) глиноземді Тәжікстанның алюминий зауытына тасымалдау басымды болып
отыр. Тәжікстан алюминий зауытының глиноземге деген қажеттілігі жылына 600-700 мың
тонна. Сондықтан Үшқұдық-Қараөзек темір жол учаскесінің аяқталуымен және өзбек
жеріндегі темір жол учаскесінің арзан коэффициенттері Ақтау порты арқылы тасымалдау
экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Ақтау порты арқылы глиноземді тасымалдау
жобасының негізі болып Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темір жол тарифтерінің
келісімділігін жатқызуға болады.
Осыған байланысты Ақтау порты арқылы 2010 жылы глиноземді тасымалдау мөлшері
жылына шамамен 150 мың тоннаға жетуі мүмкін.
Тыңайтқыштар. 2010 жыл болжам бойынша Ақтау порты арқылы Ресейге, Иранға,
Түркияға және Жерорта теңізі аймақтарына жылына шамамен 150 мың тонна минералды
тыңайтқыштар тиеу мүмкіндігі артатынына сенім мол. Сонымен қатар. басқа да жүктердің
тасымалдануы порттың мүмкіндігінен шығып отыр. Мәселен, Ақтау порты арқылы
өнеркәсіп жабдықтарының Каспий шельфі мен Батыс аймақтардың мұнай шығатын
орындарына тасымалдануын ескеретін болсақ және Каспий теңізінің Қазақстандық
секторындағы мұнай өндіру жұмыстарының қарқынды дамуын назарға алсақ, Ақтау
порты арқылы жабдықтардың тасымалдану мөлшері 2010 жылға дейін жылына шамамен
150 мың тоннаға жетуі ықтимал.
«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ 2010 жылы Ақтау порты арқылы 50 мың тонна көлемінде
жүк тасымалдауды жоспарлап отыр.