43
қызығушылығы байқалып отыр. Осы көлік дәлізі бойынша «Қазмұнайгаз» АҚ мұнайының
тасымалдануы Ресейде маусымдық ауа райына байланысты болатын кедергілерді шешуге
әсерін тигізеді және осыған сәйкес шығындардың төмендетілуі Ресей үшін ыңғайлы
болып отыр.
Демек, Ресей мен Қазақстанның бірігуі арқылы Еуразиялық Газ Альянсы мен Еуразиялық
мұнай келісім шартының құрылуы дұрыс шешім болып табылады.
Ақтау портының «Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізіне қосылу Қазақстан үшін теміржол
және автомобиль жолдарының транзитті әлеуетін пайдалануға белгілі бір деңгейде
мүмкіндік береді.
Ақтау порты бұл маршрутта экспортқа бағытталған жүк базасы және импортты жүктерді
тұтынушы ретінде қарастырылады. Жоспарланған транзит көлемі Орталық Азиядан
келетін жүк тасқыны арқылы ұлғаюы мүмкін, соның ішінде Өзбекстаннан келетін жүк
тасқынын айтуға болады (Ақтау порты арқылы жөнелтілетін мақтаның жоспарланған
көлемі жылына 65 мың тонна). Көлік коммуникацияларының маңыздылығын қарастыру
барысында, көлік торабтары қызметіндегі автомобиль жолдарының орны ерекше. Ақтау
портының теңіз жүк тасымалынан басқа келешекте Ақтау-Бейнеу-Опорная-Атырау авто
жолдарының іске қосылып жалпы жүк тасқынына әсерін тигізетінін айта кеткен жөн.
«Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізі жалпы жолдардың немесе трассаның теңіз жолына
ығысуымен байланысты Қазақстанның көлік жүйесі де тысқары қалып жатпайды. Сол
себептен «Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізіне Ақтау порты арқылы батыс. орталық және
солтүстік Қазақстанның сыртқы нарыққа бағытталған жүктерін тасымалдауға мүмкіндік
бар. Сонымен қатар, осы көлік бағыты арқылы Сібірден, Оралдан жүк тасымалдауға
болады. Бұл жүк тасқыны Ресейдің теміржолдары арқылы Орск пен Орынборға және
Қандыағашқа, осы теміржол бекеті бойынша Ақтау портына жеткізілмек.
ТРАСЕКА жобасына айрықша көңіл бөлу қажет. Алдында айтып кеткенімдей, Қазақстан
бұл халықаралық жобаға 1993 жылдың мамыр айынан бастап қатысуда. Жобаның мақсаты
Еуропа-Кавказ - Қытай көлік дәлізін құру және дамыту болып табылады.
ТРАСЕКА дәлізі екі маршрутты қарастырады - Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік
және Түркіменбашы портын пайдалана отырып. Өзбекстан және Түркменстан аумақтары
бойынша өтетін оңтүстік. Тиімді өтпелі жағдайды пайдалана отырып ТРАСЕКА тек темір
жол магистралін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің су әлеуетін қолдануға мүмкіндік
береді.
Аталған тиімді бағыттардың экспорттық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға
байланысты мүмкіндіктеріне баса назар аударатын болсақ, ол келесідей үрдіс алады.
Мұнай тасымалдау. Қазіргі уақытта Ақтау портында негізгі жүк базасы ретінде экспортқа
бағытталған көмірсутегі шикізаттары. Қазақстан Республикасының мұнай саясаты
«Каспий теңізінің Қазақстандық секторының» 2003-2015 жылдардағы Мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес мұнайдың 100 млн.тоннаға жеткізу мақсаты жүзеге асырылған
жағдайда Атырау-Самара - Каспий құбыр концорциумы халықаралық мұнай тасымалдау
жүйесінің мүмкіндігі 2010 жылға дейін жетуі ықтимал.