42
(Өзбекстаннан); Ақсарай-Атырау, Мақат-Маңғыстау (Кавказдан, Ресейден, Атырау
облысынан); Баку арқылы Тбилиси-Поти-Батуми теміржол маршруттары бойынша;
Ноушахр, Ензели арқылы Тегеранға, Персия шығанағының порты арқылы бір маршрут,
екіншісі - трансазиялық маршрутта Межхед-Тегеран-Стамбул.
Ақтау портының қызметінде басты орын алып отырған шетелдің нарқына мұнайды
тасымалдау. Порттың жүк тасымалдаудағы қомақты үлесін мұнай құрайды, оның бір
бөлігі Маңғыстау облысындағы мұнай құбырлары арқылы құралса, екінші бөлігі Теңізден
теміржол көлігінің үлесіне тиесілі.
Каспий теңізінен Қазақстанның үлесіне тиетін мұнай қорын анықтау мен оның қайнар
көзін пайдалануға дейінгі уақыт 5-6 жыл мерзімді алатынын ескерсек, егер жыл сайын 2,5-
2,6 млрд. доллар инвестициямен қамтамасыз етілген жағдайда. Дегенмен, трансұлттық
мұнай компаниялары есебінен түсетін инвестицияның 1,5-1,6 млрд. доллар көлемі жаңа
мұнай көздерін игеру 2008-2010 жылға ілгерілейді. Сондықтан, Ақтау портында мұнайды
тасымалдау көлемінің өсімі 2010 жылға дейін нақты көзделіп отырған жоқ, себебі
мұнайдың қосымша көлемін тасымалдау Каспий құбыр концорциумы мұнай құбыры
арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Нарық заңдылығына сәйкес көлік тасымалының негізі жүк иесінің ыңғайлы бағытты
таңдап алуымен ерекшеленеді. Осы орайда жылдамдылық, тасымалдаудың арзандығы мен
сақтаулылық секілді негізгі үш факторды діңгек ретінде ұстау басты қағида болу керек.
Қазақстанның көлік әлеуетін, оның ішінде Ақтау портының мүмкіндігін тиімді пайдалану
аталған үш факторға байланысты.
Көлік дәлізі жүйесінде Евразиялық қатынас жолында континенталдық байланыс
бағыттарының бірі болып «Солтүстік - Оңтүстік» дәлізі жатады (Сурет4, Қосымша А). Ол
Ресей, Иран, Үнді және т.б. мемлекеттердің көлік коммуникациясының қуатты және
тармақталған торабы болып есептелінеді. Бұл маршрутты пайдалану арқылы Тынық
мұхит, Иран арқылы Персия шығанағы, Каспий аумағы. Ресей және Шығыс және Батыс
Европаның транзитті жүктерін жеткізу Суэц каналы арқылы өткен жүк тасымалын үш
есеге қысқартуға мүмкіндік береді:
Халықаралық көлік дәлізі шеңберінде транзитті жүк тасқынының белсенді мүмкіндіктерін
қарастыру кезінде ұлттық көлік жүйесінің тасымалдау мүмкіндіктерінің резервін тиімді
пайдалануын, ұдайы даму өндірісін ынталандыруын назарға алу қажет. Сонымен қатар,
көлік және қосымша қызметтерден тікелей қаржылық түсімдердің мемлекетке тікелей
инвестиция ретінде көлік инфрақұрылымының дамуына. қазіргі заманғы көлік
технологияларының және жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына бағытталатынын
ескеру қажет.
«Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізін құру туралы келісім шартты жүзеге асыру көлік
байланысының тиімділігін көтеруді, халықаралық жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды
және осы дәліз бойынша тасымалдау кезінде барлық қатысушыларға теңдей жағдай жасау
көзделініп отыр. Демек, Еділ-Балтық су жүйесін пайдалану арқылы тасымалдауды
ұйымдастыруға. Персия шығанағының порттарына шығуға мүмкіндік береді.
«Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша жүк тасымалының дамуы Каспий
бессейінінде ірі коммерциялық кеме флотын құруды талап етеді. Сонымен қатар, осы
көлік дәліздерінде Ресейдің Иран тарапынан мұнай өнімдерінің тасымалына