Page 41 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

41
Ақтау портының әлеуеті арқылы Иран өзінің жеміс, көкөніс өнімдерін Ресейдің шығыс
өңірлеріне бағыттауға және порт аумағында сорттау, таражға салу, жинақтау қызметтерін
ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
Ресей бағыты - Ресей Федерациясының порттарымен тікелей су байланысы, Ресейге
экспорттық-импорттық жүктермен Каспий (Махачкала, Астрахан, Оля) және Азов
бассейндерінің қатынасы Ресейдің транзиттік әлеуетін пайдаланумен, жолаушылар
тасымалдаушы перспективалық дамытумен сипатталады.
Қаратеңіз - Жерорта теңіз бассейні - Волга-Дон каналы арқылы тікелей су қатынасы,
Закавказье елдеріне және Қаратеңіз - Жерорта теңіз бассейні елдеріне тұрба құбыры
экспорттық-импорттық жүктермен Ақтау-Баку-Батуми (Поти) және аралас темір жол -
теңіз қатынасы бар.
Каспий теңізі бассейнінде Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты сауда
байланысында екі жақты табысты көздеумен қатар бәсекелестік жағдайды ескеруі қажет.
Бәсекелестік жағдай Ресейдің Каспий, Иран, Персия шығанағы. Араб теңізі арқылы
«Солтүстік - Оңтүстік» тасымалы ұзақ көлік коридорын құруымен туындап отыр.
Ресейдің Оля портының құрылыс жобасының аяқталуы 8 млн. тоннаға дейінгі жүкті
қамтамасыз ете алатын қуаттылығы бар.
«Солтүстік - Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы Солтүстік, Орталық, және
Батыс Европаға өте алады. Жүк тасымалдау мерзімі ескі Суэц каналы арқылы мерзімінен
15 сөткеге қысқарады, көлік шығыны 20%-ға қысқарады. Егер Үндінің, Пәкістанның,
Иранның, Ресейдің Европа елдерінің ауқымды және көлемді нарығын ескеретін болсақ,
бұл көлік дәлізі ыңғайлы және табысы мол.
Ақтау порты осы ауқымды нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Өзінің
параметрлері негізінде ТМД мемлекеттеріндегі порттармен (Астархань-Оля, Махачкала,
Баку, Түркменбашы,) салыстырғанда бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Ақтау порты
маңында Каспий қыс мезгілінде қатпайды, порт жыл бойы жұмыс істей алады, ал қызмет
атқаратын мамандар мен порттың жабдығы тәулік бойы қызмет атқара алады. Бұл
параметрлер Астрахань және Оля порттарымен салыстырғанда біраз артықшылықтары
бар. Бір ғана кемшілігі - теңіздің аптап желі мен үлкен толқындары 3 күннен 10 күнге
дейін жыл мезгілінің кез келген уақытында пайда болып, келеңсіз жағдай тудыруы
мүмкін.
Ақтау портының тиімділігі еркін экономикалық аймақ ретінде Каспий маңындағы
мемлекеттердің порттарымен қатаң бәсекелік жағдайда қызмет атқара алады, сонымен
қатар автомобильді және теміржол транспорттары мынадай тиімді жағдай туғыза алады:
− табиғи монополияның аясынан шығып порттың еркін тарифімен жұмыс істеу;
− порттың өз қаражаты есебінен қаладан автомобильді жолдар мен теміржол
станцияларынан портқа бағытталған жолдарды кеңейту мен қайта жөндеу;
Қазірде теңіз тасымалы Ақтау порты арқылы теміржол маршруттарымен шектесіп жатыр:
Қарталы, Илецк-Ақтөбе-Мақат-Маңғыстау; Қандыағаш-Мақат-Маңғыстау (Ресейден,
Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан); Қоңырат-Бейнеу-Маңғыстау