Page 36 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

36
Анзали порты, жылына 5 млн. тоннаға дейін жүктерді ауыстырып тиеуді іске асырады.
Порттың айдынында өткізу шөгуі 5,5 метрге дейін шектелген. Порттың, ұзындығы 170,7
метр, дедвейті 4,5 мың тоннаға жуық кемелерді өңдей алады. Портта бір уақытта
тығыздығы 6 мың тоннаға дейін жететін 12 кемені арқандап байлайтын 10 айлақ бар.
Портқа кіреберіс жолы міндетті түрде лоцмандық өткізуді талап етеді.
Ноушахр портының жылдық жүк айналымы 1,5 млн. тоннаны құрайды. Портта 5,5 метрге
дейін шөгуі бар үш айлақ және көлемі 27,4 мың шаршы метр қойма алаңы орналасқан.
Жүктердің негізгі тізімі: Астық, кокс, мырыш концентраты, құрылыс материалдары және
металл өнімдері.
Нека портының барынша шөгуі 3,8 м, жүк көтергіштігі 4,5 мың тонна танкерін өндеуге
арналған бір айлағы бар порт. Порттың мұнай терминалында мұнайға арналған жалпы
көлемі 792 мың текше метрге тең екі резервуары бар және SWAP-операциялар шартында
Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдерін жеткізу бекеті болып келеді.
Бандар Амирабад портының (Хазар) жобалық қуаттылығы 5 млн тонна және тармақталған
инфрақұрылымдық желісімен кірме жолдары бар, кірме каналының шағын тереңдігінен өз
қуаттарының маңызды емес бөлігін пайдаланады. Негізгі жүк ағымын бас және
контейнерлік жүктер құрайды.
Бұл портта шамамен 1 млн. ТЕУ жүк өңделген, ал басқа порттарда контейнерлі жүктердің
өңделу көлемі, яғни Хорремшехрда — 50 мың ТЕУ, Буширде - 100 мың ТЕУ құраған.
Хорремшехр және Бушир порттарындағы контейнерлерді өңдеу көлемінің қарқынды
өсуіне импорттық тауарларға кедендік баж салықтары бойынша берілген жеңілдіктері
ықпалын тигізген.
Иранның солтүстік порттарындағы жүк өңдеу көлемі 10 млн. тоннадан асқан. Қазіргі
кезде порт нысандарын салу жүзеге асырылуда, оны жақын арада бітіру жоспарлануда.
Нысандарды салу 3 кезекте жүзеге асырылуда. Бірінші кезекті пайдалануға енгізу жылына
4 млн тонна жүктерді өңдеуге мүмкіндік береді (порттың өндіріс қуаттылығы жылына 8
млн тоннаны құрайды). Портқа автокөлік жолы жүргізіліп, 187 шақырым теміржол
тармағын салу жүргізілуде.
Амирабад портында арнайы экономикалық аймақ құрылды. Хазар портында шикі
мұнайды қайта өңдеуге мамандандырылған «Хазар» арнайы экономикалық аймағы
құрылды. Онда мұнайды қайта өңдейтін комбинат және мұнай мен мұнай өнімдерін
сақтауға арналған үлкен сыйымдылықтарды салу жоспарлануда.
Иран порттарында 2000 жылдары 1424 кеме жүгі өңделсе, кейінгі жылдары 5 313 кеме
жүгі өңделген. Бұл Иран порттарындағы тарифтер мен алымдардың төмендеуінен өсіп
отыр.
Теңіз сауда порттарындағы суды тереңдету жұмыстарының көлемі 5 855 960 кубты
құраған. Бұл жұмыстар Имам Хомейни. Чахбар (2,3 млн. куб. м), Ленге, және солтүстік
аймақтағы Амирабад пен Феридункенар порттарында жүргізілген.
Иран порттарындағы суды тереңдету жұмыстарының жүргізілуі жергілікті және шет елдің
қатысуымен жүргізілген.