35
кемелеріне және жабық қоймаға арналған құрғақ жүк айлағының құрылысы аяқталды.
Оны іске асыруға 30 млн АҚШ доллары көлемінде Еуропалық Қайта Құру және Даму
Банкінен (ЕҚҚжДБ) несие бөлінді. Қазір жұмыс істеп тұрған айлақтар бір мезгілде 6
танкер қабылдай алады. Ро-Ро сияқты кемелерге қызмет көрсететін айлақтар жұмыс
істеуде.
Құрғақ жүкті терминал ауыр салмақты жүктерді қабылдауға бейімделген және кемеге
жүкті ауыстырып тиеу үшін тұғырнамамен жабдықталған. Сонымен қатар Түркменстан
экспорттық инфрақұрылымын кеңейту Жобасына сәйкес Окарем және Аладжа мұнай
терминалдарын дамыту карастырылды. Бұл терминалдардың өткізу қабілеттілігі жылына
шамамен 3,5 млн тонна мұнай құю жүктерін, олардың жылына 9 млн тоннаға дейін көбею
болашағын қарастыруда.
Астрахань (Оля), Махачкала және Түркменбашы (Түркменстан) порттары, жүк ағымын
тартудағы ( қайта бағдарлау) келесі көліктік бағытқа сәйкес шеңберде транзиттік жүк
ағымдарын тартуда бәсекелес-порттар болып келеді. Бірақ осы порттардағы қайта тиеу
құралдарының ескіруі өндірілетін жұмыстар сапасына және жүкті ауыстырып тиеу
мөлшерінің көлеміне маңызды әсерін тигізеді.
Иран Ислам Республикасы. Иран Ислам Республикасының теңіз порты құрылысын салуға
және теңіз көлігінің дамуына географиялық қолайлы жағдайы бар. Теңіз жағалауынан
Иран мемлекетіне тиесілі 2 440 км, соның ішінде Каспий теңізінің бойында 740 км
құрайтын территориясы бар.
Қазіргі күні Иранда 20-ға жуық ірі сауда, мұнай және мұнай химиялық порттары және 70-
тен аса ұсақ сауда және балық аулау порттары бар.
Иранның теңіз порттарының қызметін порттар мен кеме шаруашылығы Ұйымы
бақылайды. Осы ұйымның мәліметтеріне сәйкес кейінгі жылдары Иран теңіз
порттарының жүк тасымалдау мүмкіндігі құрғақ жүктер бойынша 55 млн. тоннаны
құрады. Келешекте бұл көрсеткіштің 60 млн.тоннаға жетуі ықтимал. Жүктерді өңдеу
көлемі 85,5 млн. тоннаны құраған.
Сонымен қатар, мұнай жүктерін өңдеу көлемі 4 есеге өсіп, 4 млн. тоннаны құрады, ал
баламалы жүктер 44,2 млн. тонна құрап, 19,89%- ға өскен.
Импорттық жүктерді өңдеу көлемі 17,19%-ға өсіп, 30,5 млн. тоннаға жеткен, ал
экспорттық жүктерді өңдеу көлемі 21,03%-ға ұлғайып, 10,6 млн. тоннаны құраған және
транзитті жүктерді өңдеу көлемі 2,2 есе жоғарылап, 5,4 млн. тоннаға жеткен.
Транзитті жүктердің біршама бөлігін ауыстырып тиеу арқылы тасымалданған 4 млн.
тоннасын мұнай өнімі құрады. Бұл Каспий теңіз маңындағы порттардан танкер арқылы
Иранның Нека портына жеткізіліп, мұнай құбыры арқылы Тегерандағы және Тебриздегі
мұнай өңдейтін комбинаттарға тасымалданады.
Иран порттарындағы контейнерлерді өңдеу көлемі 1 151 989 ТЕУ-ді құраған. Бұл
көрсеткіш 2000 жылдардың бастапқы кезеңінде 418 000 ТЕУ құраған болса, онда оның
өсімі 3 есеге жуық ұлғайған.